Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 2022 жылдың күзінде өзінің еншілес және тәуелді ұйымдарының қызметкерлеріне арнап бірқатар практикалық тренинг өткізді.
Қыркүйекте Ақтау қаласында PWC Kazakhstan сарапшылары ҚМГ корпоративтік орталығының мамандарымен бірлесіп, ЕТҰ-да еңбекті және қоршаған ортаны қорғау, экономика және адам ресурстарын басқару мәселелеріне жетекшілік ететін қызметкерлер үшін тұрақты даму саласындағы ақпаратты ашу бойынша практикалық тренинг ұйымдастырды.
Оқыту барысында ЕТҰ-ның жүзден аса қызметкері тұрақты даму саласындағы жаһандық трендтермен, БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарымен және ESG рейтингтерінің ҚМГ қызметіне тигізетін әсерімен танысты. Тренингке қатысушылар теориядан бөлек GRI тұрақты даму (Есептілік бойынша жаһандық бастама) саласындағы халықаралық стандарттарды практикалық қолдануды да үйренді.

Ал қазан айында Астана қаласында 7 ірі еншілес мекеменің жоба жетекшілеріне Green Project Management Global әдістемесіне негізделген жобаларды тұрақты басқару бойынша бейінді оқу шарасы өтті.
Оқуға қатысушылар тұрақты даму тұжырымдамасын жобаларда, бағдарламалар мен портфельдерді қолданудың озық тәжірибелерімен танысты, жобаларды бағалау, тәуекелдерін төмендету және жобалардың табыстылығын арттырудың практикалық құралдарын үйренді. Тестілеу нәтижесі бойынша ЕТҰ-ның 5 жоба жетекшісі GPM-b жобаларын тұрақты басқару бойынша халықаралық сертификат алады.
ҚМГ өз қызметкерлерінің тұрақты даму саласындағы құзыреттерін дамытуға ұмтылады. Компанияның ESG принциптерін ұстанатындығы оның жоғары рейтингісімен расталады.
Осы жылдың қыркүйек айында Sustainalytics рейтинг агенттігі «ҚазМұнайГаздың» ESG тәуекелдерін басқаруды 28,5 балл деңгейінде бағалады. Салыстырмалы рейтингте ҚМГ Sustainalytics агенттігі бағалаған әлемнің 250 мұнай-газ компаниялары арасында үздік 20 компания қатарына енді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
84
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»
60
08 декабря 12:24
В Кокшетау строят современную ТЭЦ на технологиях «чистого угля»
98
05 декабря 17:59
QID қауымдастығы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Дамир Суентаевты марапаттады