Главная Новости ҚазМұнайГаз Мәжілістегі Үкімет сағатында жетістіктер мен жоспарлар туралы есеп берді
26 қараша 2024, 10:27 66

ҚазМұнайГаз Мәжілістегі Үкімет сағатында жетістіктер мен жоспарлар туралы есеп берді

ҚазМұнайГаз Мәжілістегі Үкімет сағатында жетістіктер мен жоспарлар туралы есеп берді

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов 25 қарашада Парламент Мәжілістегі Үкімет сағатында баяндама жасап, компанияның жетістіктері мен қазіргі қызметі туралы есеп берді.

Бүгінгі таңда компания Қазақстандағы барлық мұнай өндіру көлемінің 26%-ын, мұнай тасымалының 56%-ын және мұнай өңдеудің 80%-ын қамтамасыз етіп отыр. 2023 жылы ел бюджетіне төленген салық және өзге де төлемдер үлесі шамамен 10%-ды, яғни 2,4 трлн теңгені құрайды.

«ҚазМұнайГаз – еліміздегі ең ірі жұмыс берушілердің бірі. ҚМГ құрылымында 50 мың адам, ал мердігер компаниялармен бірге есептегенде 80 мың адам еңбек етеді», – деп атап өтті Асхат Хасенов.

ҚМГ басшысының айтуынша, компанияның қаржылық жағдайы тұрақты. Халықаралық рейтинг агенттіктері ҚМГ-ны бағалау рейтингісін көтерді. IPO өткізілген сәттен бастап компания акцияларының құны шамамен 60%-ға өсті. 2022 және 2023 жылдары компания жылына 300 млрд теңгеден рекордтық дивиденд төледі, ал 2024 жылы дивиденд ретінде 350 млрд теңге төлеу жоспарда. Компанияның қарыз міндеттемелері 2017 жылғы 13 млрд доллардан бастап бүгінде 7,9 млрд долларға дейін азайды, яғни компанияның қаржы қызметі тиімді жүргізілді.

Геологиялық барлау – ҚМГ-ның негізгі бағыты болып қала береді. Мұнай мен конденсат қоры биылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 780 млн тоннаны құрады. 2024 жылдың 10 айында мұнай өндіру көлемі 2%-ға өсіп, 19,9 млн тоннаға жетті. Компания портфелінде геологиялық қоры шамамен 2 млрд тоннаға тең 11 қолданыстағы жоба бар, олардың бір бөлігі Shell, Chevron, CNOOC, Sinopec, CNPC сияқты халықаралық серіктестермен бірлесіп іске асырылып жатыр.

Сондай-ақ ҚМГ басшысы компанияның мұнай өңдеу және мұнай-газ химиясы саласындағы жетістіктеріне тоқталды. Бүгінгі таңда барлық үш ірі мұнай өңдеу зауыты әлеуметтік маңызы бар мұнай өнімдерін өндіру бойынша міндеттемелерді орындауда. Соңғы бес жылда мұнай өңдеу көлемі 500 мың тоннадан астамға, ал жеңіл мұнай өнімдерінің (автобензин, дизель отыны және авиакеросин) өндірісі 67,2%-дан 72,9%-ға дейін артты.

«2022 жылы Атырау облысында қуаты 500 мың тонна полипропилен өндіретін алғашқы газ-химия кешені іске қосылды. Бұл полимер импортын 63%-дан 17%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Полиэтилен өндіру жобасына инвесторлар тартылып, қуаты жылына 1,25 млн тонна болатын зауыт салу жұмыстары басталды, оны 2029 жылы іске қосу жоспарланып отыр», – деп атап өтті Асхат Хасенов.

Асхат Хасенов сондай-ақ компанияның елдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өтті. Соңғы бес жылда ҚазМұнайГаз мектептер, балабақшалар, медициналық мекемелер мен спорттық-мәдени нысандар салуға шамамен 180 млрд теңге инвестиция салды.

Сөз соңында ҚМГ басшысы депутаттарға геологиялық барлау жұмыстарын жеделдету мен инвестиция тарту, көмірсутек шикізатын өндіру деңгейін ұстап тұру, еліміздегі мұнай-газ химиясын дамыту бойынша нақты ұсыныстар айтты.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: