Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ мен Әзірбайжанның "SOCAR" мемлекеттік мұнай-газ компаниясының басшылары өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев Баку қаласында Әзірбайжанның "SOCAR" мұнай-газ компаниясының президенті Ровнаг Абдуллаевпен кездесті. Сондай-ақ, Бакудегі қазақстандық делегацияның құрамында "ҚМГ" ҰК" АҚ Басқарма төрағасының барлау, өндіру және мұнай сервисі жөніндегі орынбасары Құрманғазы Есқазиев, "Қазтрансойл" АҚ бас директоры Димаш Досанов, «Қазақтеңізкөлікфлоты» Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы» ЖШС бас директоры Марат Орманов болды. Сапар барысында мұнай-газ саласының барлық бағытындағы ынтымақтастық көкжиегі талқыланды деп хабарлайды қазақстандық Ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

Меморандум компаниялар арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін, соның ішінде – Каспийде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу саласындағы, атап айтқанда көмірсутек шикізатын барлау бойынша геологиялық-геофизикалық материалдарды бірлесіп зерттеу, сондай-ақ мұнай және мұнай өнімдерінің логистикасы, трейдингі бағыттарын көздейді. Уағдаластықта ынтымақтастықтың бірінші нақты жобасы ретінде ҚазМұнайГазға тиесілі суда жүзетін «Сәтті» бұрғылау қондырғысын Бакуге тасымалдау және оның кейінгі жаңғыртуы қарастырылған. Қондырғы Каспий теңізінің әзірбайжандық секторындағы SOCAR жобаларында бұрғылау жұмыстары кезінде пайдаланылады деп жоспарлануда.
Сонымен қатар, кездесу аясында SOCAR маркетинг және экономикалық операциялар басқармасы және «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС арасында көмірсутекті тасымалдау саласындағы ынтымақтастық жөнінде ниет білдіру туралы хаттамаға қол қойылған.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
247
17 апреля 13:02
«Самұрық-Қазына» ҚТЖ-ға негізгі инфрақұрылым жобалары бойынша нақты мерзімдер белгіледі