Главная Новости ҚазМұнайГаз мұнай-газ саласында халықаралық ынтымақтастықты жандандыруда
24 қазан 2024, 09:19 999

ҚазМұнайГаз мұнай-газ саласында халықаралық ынтымақтастықты жандандыруда

ҚазМұнайГаз мұнай-газ саласында халықаралық ынтымақтастықты жандандыруда

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов «Түрікменстан мұнай және газы» атты 29-шы халықаралық конференциясына (OGT-2024) қатысты. Іс-шараға Түрікменстан Премьер-министрінің орынбасары, BP, S&P Global Platts, CNPC, Dragon Oil басшылары, БҰҰ, БҰҰДБ, АҚШ сауда министрлігінің өкілдері және басқалар қатысты.

Асхат Хасенов пленарлық сессияда сөйлеген сөзінде Қазақстанның көмірсутек ресурстары қорының әлеуеті туралы ақпарат беріп, серіктестерді геологиялық барлау жобаларын бірлесіп іске асыруға шақырды. Сондай-ақ ҚМГ басшысы күрделі кен орындарында мұнай алу коэффициентін арттыру міндеті тұрғанын айтты. Қазіргі таңда ҚМГ мұнай өндіруді ұлғайтудың жаңа әдістерін енгізіп жатыр және мұнай өндіру коэффициентін арттыру бойынша тәжірибе және технологиялармен алмасу жөніндегі ұсыныстарды қабылдауға ашық.

«Біз мұнай-газ химиясын да жан-жақты дамытып жатырмыз. Ол үшін мемлекет тарапынан инвесторлар үшін арнайы жағдай жасалған. Шетел компанияларын жобаларды бірлесіп іске асыруға шақырамыз», – деді ол.

Сонымен қатар ҚазМұнайГаз Басқарма төрағасы қазақстандық мұнай сервисінің күрделі кен орындарын игеруде мол тәжірибесі бар екенін айтты. Бүгінде ҚМГ-ның еншілес ұйымы «KMG Drilling & Services» мекемесінің Nabors Industries және Parker Wellbore сияқты жетекші халықаралық бұрғылау компанияларымен бірлескен кәсіпорындары бар.

Бұған дейін KMG DS Каспий теңізінің түрікмен секторында бұрғылау қызметтерін көрсету үшін Dragon Oil компаниясымен келісімшартқа қол қойғанын атап өткен жөн. Қазақстанның «Satti» өзі көтерілетін қалқымалы бұрғылау қондырғысы алғаш рет Шелекен кен орнында пайдаланылатын болады.

ҚМГ басшысы мұнай сервисі қызметтерінің табысты тәжірибесін ескере отырып, ҚазМұнайГазды ұңғымаларды бұрғылау, күрделі және жерасты жөндеу қызметін көрсететін серіктес ретінде қарастыруды ұсынды. Асхат Хасенов сөзін қорытындылай келе, барлық мүдделі тараптармен сындарлы диалог жүргізудің маңызын атап өтіп, тәжірибе мен технологиялармен алмасуға дайын екендігін жеткізді.

Сонымен қатар форум аясында ҚМГ басшысы Түрікменнебит, Түрікменгаз, Dragon oil және CNPC компанияларының басшыларымен келіссөздер жүргізді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: