Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
27 шілдеде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев және Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Орал қаласында көпфункционалды спорт кешенінің құрылысын салтанатты түрде бастап берді.
Іс-шарада сөз алған ҚМГ басшысы М.Мырзағалиев жоба Мемлекет басшысының биыл 9 наурызда Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында берген тікелей тапсырмасымен іске асырылып отырғанын атап өтті.
«Компаниямыз үшін бұл тұрақты даму бойынша алған міндеттеріміздің бірін орындау ғана емес, бұл – «ҚазМұнайГаздың» басты құндылықтарының бірі жауапкершілік пен қоғамға деген қамқорлығының көрінісі. Былтырдың өзінде ұлттық компания қайырымдылыққа шамамен 13 млрд теңге, өңірлердің әлеуметтік дамуына 12 млрд теңге бөлгенін атап өту керек. Бұл қаражатқа тұрғын аудандар мен қаланың көрікті жерлерінде абаттандыру жұмыстары жүріп, мектептер мен ауруханалар, спорт алаңдары мен өзге де нысандар салынып жатыр», - деп қосты ұлттық компания басшысы.
Спорт кешені Орал қаласының 10-шағын ауданында салынады. Жоспар бойынша құрылысы 2024 жылдың соңында аяқталады.

Спорт кешенінде жарыстар өткізумен қатар, спортшылардың жаттығуына барлық мүмкіндік жасалады. Ғимарат ішінде жүгіруге арналған 150 метрлік жолағы бар, ядро итеруге, биіктікке, сырықпен, ұзындыққа секіруге, садақ атуға арнайы жабдықталған жеңіл атлетика аренасын салады.
Аренада 1200 орынға арналған трибуна болады. Сонымен қатар спорт кешенінде 25 метрлік бірнеше жолағы бар бассейн салу, пневматикалық тир, жартасқа өрмелеу алаңын, үстел теннисін, батут, күрес және бокс залдарын ашу жоспарда бар.

ҚМГ Басқарма төрағасы мердігерлерге қарата айтқан сөзінде құрылыс сапасы ұдайы бақылауда болатынын, себебі жергілікті спортшылардың алдағы дайындығы осы жұмыстың сапасына байланысты екенін атап өтті.
«Осы жерде бой көтеретін кешен нағыз спорт тарландарын, миллиондаған адамға үлгі болатын болашақ чемпиондарды тәрбиелеп шығаратынына кәміл сенеміз. Заманауи архитектуралық шешімдердің арқасында кешен қалаға ерекше көрік беріп, Оралдың көз тартар көркем жерлерінің біріне айналатыны сөзсіз», - деді ҚМГ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев.
87
13 марта 14:53
К празднику Наурыз Нацперевозчик дополнительно предоставит 2177 мест в пригородных поездах
287
02 марта 16:44
В Богатырь Комир прошел спортивный праздник к Международному женскому дню
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
125
11 марта 17:14
Жители 55 отдаленных сел получили доступ к интернету