Главная Новости «ҚазМұнайГаз» Өріктау жобасын дамытуда: кен орындарын жабдықтау жұмыстары басталды
17 июля 2026, 12:54 47

«ҚазМұнайГаз» Өріктау жобасын дамытуда: кен орындарын жабдықтау жұмыстары басталды

«ҚазМұнайГаз» Өріктау жобасын дамытуда: кен орындарын жабдықтау жұмыстары басталды

Ақтөбе облысында Орталық және Шығыс Өріктау кен орындарында өндірістік инфрақұрылымды құру жұмыстары басталды. Жобаны «ҚазМұнайГаздың» еншілес компаниясы – «Өріктау Оперейтинг» ЖШС жаңа кен орындарын ауқымды игеру жобасы аясында жүзеге асырып жатыр.

Орталық Өріктауда газды жинау және тасымалдау жүйесінің құрылысы, сондай-ақ жаңа газ өндіру ұңғымаларын жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. Шығыс Өріктауда мұнай мен газды дайындау нысандары, электрмен жабдықтау жүйелері және өзге де өндірістік инфрақұрылымдар салынып жатыр.

Дайындық кезеңі аяқталды: құрылыс алаңдарында жұмыстар басталып, қажетті материалдар мен жабдықтар жеткізілді, мамандардың жұмыс істеуіне барлық қажетті жағдай жасалды. Осы жылдың соңына дейін Орталық Өріктауда жылына 200 млн текше метрге дейін шикі газ өндіру жоспарланып отыр. Кейін өндіріс қуаты жылына 1 млрд текше метрге дейін ұлғайтылады. Шикізат Жаңажол мұнай-газ өңдеу кешенінде өңделіп, одан тауарлық газ, сұйылтылған көмірсутек газы, тұрақты газ конденсаты және түйіршіктелген күкірт өндірілмек.

Орталық және Шығыс Өріктау кен орындарын игеру – Қазақстанның ресурстық базасын дамыту және газ өндіру көлемін ұлғайту жөніндегі жүйелі жұмыстың бір бөлігі. Жоба сондай-ақ қолданыстағы өңдеу қуаттарын барынша тиімді пайдалануға және жаңа кен орындарын кезең-кезеңімен өнеркәсіптік деңгейде игеруге бағытталған.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: