Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Атырау қаласында «Health, Safety, Environment» алғашқы форумы өтті.
Іс-шараға 30-дан астам мердігер ұйым қатысып, еңбекті қорғау саласындағы өзекті бағыттар талқыланды. Форум басшылардың өндіріс қауіпсіздігі саласындағы жауапкершілігі және жұмыс орындарында жағдай жасау бойынша негізгі мәселелерге арналған маңызды алаңға айналды.
Қатысушылар тәжірибе алмасып қана қоймай, топтық жаттығулар барысында өз білімдерін іс жүзінде қолдана алды.
Жиында өндіріс қауіпсіздігін арттыру және бірлесіп жұмыс істеу үшін осындай кездесулер өткізудің маңызы айтылды.