Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Жаңаөзен қаласындағы «Алға» спорт клубында бүгінде 100-ге жуық паралимпиадалық спортшы ‒ басым көпшлігі жастар спортпен айналысады. Клуб мүшелерінің үштен бірі ‒ балалар.
Отырып ойнайтын волейболдан екі дүркін Азия чемпиондары және он бір дүркін Қазақстан чемпиондары, тұрып ойнайтын волейболдан сегіз дүркін чемпиондар және арбада би билеуден республика біріншілігінің екі дүркін жеңімпаздары шыққан «Алға» клубы өзінің жетістіктерімен мақтанады. 2022 жылы еліміздің ұлттық құрамасының құрамындағы жаңаөзендіктер Малайзиядағы Паралимпиада ойындарында үш қола медаль жеңіп алды.
2024 жылдың 28 тамызы мен 8 қыркүйегі аралығында Парижде өтетін алдағы жазғы Паралимпиада ойындарына волейболдан Қазақстан құрамасындағы медальдарды жеңіп алу үшін «Алға» клубының тағы бір тәрбиеленушісі Ерболат Алтаев қатысады. Қазір Ерболат спорттық жиындарда жаттығып, алдағы турнирге белсенді дайындалуда. «Алға» клубының жетекшісі және оның жаттықтырушысы Құралбек Сейітов Паралимпиадаға бірге барады.

Құрылысты «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес ұйымы «Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ) қаржыландырды. Ғимарат мүмкіндігі шектеулі және тірек-қимыл аппаратының проблемалары бар адамдарға арналған заманауи жабдықтармен, лифтпен, пандустармен, арнайы тренажерлармен жабдықталған. Бұл ‒ ӨМГ-дың демеушілігімен салынған қаладағы екінші спорт нысаны болып табылады.
Сондай-ақ, компания клубтың қажеттіліктері мен спортшылардың жүріп-тұруына жайлы болуы үшін шағын автобусты сыйға тартты. ҚМГ бен ӨМГ жарыстарға дайындалу үшін спортпен айналысуға қажетті заттарды сатып алып беріп ұзақ уақыт бойы «Алға» клубына қолдау көрсетіп келеді.
96
13 марта 14:53
К празднику Наурыз Нацперевозчик дополнительно предоставит 2177 мест в пригородных поездах
156
11 марта 17:40
Будущее энергетики Казахстана: технология чистого угля, ВИЭ и новые проекты
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
139
11 марта 17:14
Жители 55 отдаленных сел получили доступ к интернету