Главная Новости ҚазМұнайГаз «Самұрық-Қазынадан» ҚМГ Қашаған Б.В. компаниясындағы 50% үлесін кері сатып алды
20 қыркүйек 2022, 11:23 957

ҚазМұнайГаз «Самұрық-Қазынадан» ҚМГ Қашаған Б.В. компаниясындағы 50% үлесін кері сатып алды

ҚазМұнайГаз «Самұрық-Қазынадан» ҚМГ Қашаған Б.В. компаниясындағы 50% үлесін кері сатып алды

2022 жылы 15 қыркүйекте «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 2015 жылы жасалған Опциондық келісім аясындағы өз құқығын пайдаланып, «Самұрық-Қазына» АҚ-тан Солтүстік Каспий бойынша Өнімді бөлу туралы келісімнің 16,88% тиесілі ҚМГ Қашаған Б.В. ЖШЖК компаниясындағы 50% үлесін 3,8 млрд АҚШ долларына сатып алды.

«Бұл – «ҚазМұнайГаз» үшін соңғы жылдардағы ең ірі сатып алу мәмілелерінің бірі. Қашаған жобасындағы үлесі артуы арқылы ҚМГ-нің шоғырландырылған өндіру, EBITDA, таза пайда және активтер көрсеткіштері жақсарады. Бұл ретте компанияның қарызы да артады. Сатып алу үшін төлем ҚМГ Қашаған Б.В. ақша ағымдарының есебінен жүзеге асырылады деп жоспарлануда», – деп хабарлады Басқарма төрағасының орынбасары  Дәурен Қарабаев.

2015 жылы ҚМГ түскен қаражатты сол жылдары мұнай бағасының күрт төмендеуіне байланысты ҚМГ еурооблигацияларындағы «Таза қарыз/ EBITDA <= 3.5х» қаржылық ковенантының бұзылуына жол бермеу мақсатында қарызды азайтуға пайдалану үшін ҚМГ Қашаған Б.В. компаниясындағы 50% үлесін Қорға сатты.

Қазіргі сатып алуды жүзеге асыруға ҚМГ-ның қаржылық жағдайын жақсарту бойынша жүргізілген үлкен жұмыс сеп болды, бұл осы мәмілені кредиттік рейтингтерге әсер етпей іске асыруға мүмкіндік берді.

Бұл кезеңде қаржылық жағдайды жақсарту жөніндегі іс-шаралар миноритарлық акционерлермен келіссөздер жүргізуді және «ҚазМұнайГаз «Барлау Өндіру» АҚ-дағы үлесін шоғырландыруды, ҚМГ-ның жария борышындағы ковенантты пакетті оңтайландыруды, сондай-ақ ҚМГ ақша ағымдарына сәйкес ұзақ мерзімді өтеу кестесін құруды қамтыды. Атап айтқанда, ҚМГ еурооблигацияларымен болған бірқатар мәмілелер нәтижесінде ковенанттық пакеттен «Таза борыш/ EBITDA <= 3.5х» қаржылық ковенанты толығымен алып тасталды.

Жүргізілген жұмыс нәтижесінде ҚМГ-ның жалпы қарызы шоғырландырылған аудиттен өткен қаржылық есептілікке сәйкес 2014 жылдың соңындағы жағдай бойынша 19,2 млрд АҚШ долларынан 2022 жылдың бірінші жартыжылдығының соңында 8,4 млрд АҚШ долларына дейін азайды. ҚМГ Қашаған Б.В. үлесін сатып алу мәмілесі аяқталғаннан кейін ҚМГ-нің жалпы қарызы  шамамен 10,7 млрд АҚШ долларына жетеді.

Халықаралық рейтинг агенттіктері осы кезең ішінде ҚМГ-ның жеке кредиттік рейтингін арттырып, компанияның қаржылық жағдайы жақсарғанын атап өтті.

Бұған дейін ҚМГ Қашаған Б.В. компаниясының 50% үлесіне алдын ала шектеу қойылған еді, оны биыл Гаага (Нидерланд) Апелляциялық соты алып тастады. Бұл шешімге қатысты Нидерланд Жоғарғы сотына түскен шағым ҚМГ-нің 50% үлесін сатып алу туралы мәмілесіне әсер етпейді, өйткені Апелляциялық соттың шектеуді алып тастау туралы шешімі дереу күшіне енеді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: