Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Шағын футболдан үшінші орын үшін турнирде "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ командасы "ҚМГ Инжиниринг" спортшыларымен кездесті. Жартылай финалдағыдай, негізгі уақыт 0:0 есебімен тең аяқталды., сондықтан жарыс нәтижесі пенальти сериясында анықталды. Бұл жолы сәттілік біздің футболшылар жағында болып: "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ командасы – Спартакиаданың қола жүлдегері атанды! Ал, "Қазгермұнай"-лық спортшылар финалда 1:0 есебімен "Өзенмұнайгаз" мұнайшыларын жеңіп, футбол турнирінің чемпионы атанды.
"Маңғыстаумұнайгаз" және "Атырау Мұнай ӨЗ" командалары арасында үшінші орын үшін болған волейбол матчы өте әсерлі өтті. Бірінші партияда біздің жігіттер ұтса, екінші партияда Атыраудан келген қонақтар жеңіске жетті. Барлығы үшінші партияда шешілді. Бұл нағыз шайқас пен бәсекелестікке толы матч болды, екі команданың да жеңіске жету мүмкіндігі бірдей болды, бірақ соңында "Атырау Мұнай ӨЗ" командасы жеңісті жұлып алып, қола жүлдегер атанды. Біздің жігіттер, өкінішке орай, жүлделі орынға ие бола алмады, бірақ олардың жеңіске деген ерік-жігері үшін шын жүректен алғыс айтамыз! Волейбол турнирінің чемпионы - ойынның екі партиясында да "ПМХЗ" спортшыларынан басым түскен "ҚазТрансОйл"командасы болды.

Әйелдер арасындағы волейболдан жарыста "Атырау Мұнай ӨЗ" құрамасы чемпион атанды, олар финалда "Өзенмұнайгаз" спортшыларынан басым түсті. Ал, қола медальға "ҚазТрансОйл" қыздары ие болды.
Баскетбол турнирінде финалда "Атырау Мұнай ӨЗ" спортшыларынан алға озып, "ПМХЗ" командасы жеңіске қол жеткізді, ал "Өзенмұнайгаз" спортшылары жүлделі үшінші орынға ие болды.

Спартакиаданың жабылу салтанатында "Қазмұнайгаз "ҰК" АҚ аппаратының басшысы Ержан Омаров биылғы жылы Спартакиада "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ-ның 60 жылдығы аясында өтіп жатқанын атап айтты, сондай-ақ ол, "ҚазМұнайГаз "ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиевтің атынан барлық спортшыларды – жарқын және үздік ойындары үшін, ал көрермендерді қолдау көрсеткендері үшін құттықтап, алғысын білдірді! Өз кезегінде "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ Бас директорының әкімшілік және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Нұрпейіс Сәрсенбай, спартакиаданың барлық қатысушыларын құттықтап, "Маңғыстаумұнайгаз" ел экономикасының дамуына, спорт пен салауатты өмір салтын насихаттауға үлкен үлес қосып отырған Қазақстанның жетекші компанияларының бірі екеніне тоқталып өтті.

Одан әрі ұйымдастырушылар спартакиаданың барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне медальдар мен дипломдарын табыс етті. Бірінші, екінші және үшінші орын үшін медальдарынан басқа арнайы сыйлықтар да қарастырылғанын атап өткен жөн. Мәселен, "Жеңіске деген ерік-жігері үшін" арнайы жүлдесі "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ волейболдан ерлер командасына табысталса, шағын футболдан "Үздік шабуылшы" номинациясы бойынша тағы бір арнайы жүлде "Қаламқасмұнайгаз" ӨБ слесар-жөндеушісі Елдос Оразға тапсырылды.
88
13 марта 14:53
К празднику Наурыз Нацперевозчик дополнительно предоставит 2177 мест в пригородных поездах
140
11 марта 17:40
Будущее энергетики Казахстана: технология чистого угля, ВИЭ и новые проекты
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
127
11 марта 17:14
Жители 55 отдаленных сел получили доступ к интернету