Главная Новости ҚазМұнайГаз Түркістан облысында мұнай өнімдерін сақтайтын заманауи база салады
09 октября 2025, 19:35 409

ҚазМұнайГаз Түркістан облысында мұнай өнімдерін сақтайтын заманауи база салады

ҚазМұнайГаз Түркістан облысында мұнай өнімдерін сақтайтын заманауи база салады

«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Түркістан облысында ірі инвестициялық жобаны іске қосады. Инвестиция көлемі — шамамен 5 млрд теңге. Бұл жобаны «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС бас директоры Ильдар Шамсутдинов Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровпен кездесу барысында таныстырды.

Болашақ мұнай базасында 20 000 текше метр резервуар паркі болады, оның 12 000 текше метр аумағы авиациялық отынды, соның ішінде Jet A-1 марканы сақтауға арналады. Жоба аясында жанармай құятын заманауи автокөлікті жеткізу де жоспарланған.

Құрылыс кезеңі — 2026-2028 жылдар. Жаңа нысан ұшақтарды авиаотынмен сенімді әрі тұрақты қамтамасыз етеді, өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін күшейтеді, сондай-ақ авиациялық және логистикалық инфрақұрылымды кеңейтуге үлес қосады деп күтілуде. Жобаны іске асыру нәтижесінде жолаушылар саны мен жүк ағыны едәуір ұлғайып, өңірдің негізгі көлік торабы ретіндегі позициясы нығая түспек.

Сонымен қатар 50-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Түркістан облысының әкімдігі бұл бастамаға жан-жақты қолдау көрсететінін жеткізді.

Айта кетсек, жоба Мемлекет басшысының инфрақұрылымды жаңғырту, көлік логистикасын дамыту және өңірлердің инвестициялық тартымдылығын арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында жүзеге асырылуда.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: