Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
ҚМГ басшылығы мен қызметкерлерінің бір бөлігі вакцина алды. Вакцинациялау «Медикер» медициналық орталығында өтті.
Бүгінгі таңда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қызметкерлері арасында коронавирус індетіне қарсы екпе салу науқаны белсенді жүруде. Вакцинаны орталық аппараттың қызметкерлері және өңірлердегі компанияға қарасты кәсіпорындардың жұмысшылары да салдыруда. Елімізде жаппай вакцинациялау науқаны жарияланған сәттен бастап ҚазМұнайГазда тиісті іс-шаралар жоспары әзірленген болатын. Аталған жоспар аясында қызметкерлер арасында вакцинаның маңыздылығы туралы кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
ҚМГ басшылығы мен қызметкерлерінің бір бөлігі вакцина алды. Вакцинациялау «Медикер» медициналық орталығында өтті. Алдымен терапевт дәрігер әр қызметкердің қан қысымы мен дене қызуын өлшеп, барлық тексеру шараларын жүргізді. Сондай-ақ, екпе алғаннан кейін 3 күн бойы қалай күтіну керектігі жайында мағлұмат берді.
ҚМГ Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры Қайрат Сақтағанов компания басшылығының, соның ішінде Басқарма төрағасы мен оның орынбасарларының вакцина алып, қызметкерлерге үлгі көрсеткенін айтты.
«Тек жаппай вакцинациялау ғана ұжымдық иммунитетті қалыптастырып, қатерлі індеттің бетін қайтаруға мүмкіндік береді. Денсаулық – зор байлық. Сондықтан баршаңызды осынау маңызды науқанға белсенді қатысып, вакцина алуға шақырамын», – деді Қайрат Сақтағанов.
Айта кетейік, вакцина жаппай мемлекеттік науқан аясында ерікті түрде және тегін салынады. Жалпы, екпе салдыру үйреншікті өмірімізге оралып, қауіпсіз қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
65
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
71
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы