Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес ұйымы – «KMG Digital» ЖШС цифрлық трансформациялау жөніндегі жұмыстарды жалғастыруда. Бірыңғай цифрлық экожүйені қалыптастыру аясында SMAX базасындағы (Service Management Automation X) IT-сервистерді басқарудың корпоративтік платформасына ҚМГ-ның 27 еншілес және тәуелді ұйымы қосылды.
Бұған дейін компаниялар өтінімдерді өңдеу үшін түрлі құралдар мен процестерді пайдаланып келді. SMAX-ты енгізу IT-сервистерді басқарудың бірыңғай корпоративтік стандарттарына көшуге және IT бөлімшелер атқаратын жұмыс ашықтығын арттыруға мүмкіндік берді.
Платформа IT-қызметтерді көрсетудің бүкіл процесін, яғни өтінімді тіркеу мен өңдеуден бастап, оның орындалу сапасын бақылауға дейінгі толық циклін автоматтандырды. Бұл техникалық мәселелерді шешу мерзімдерін қысқартады, сервистік қызмет көрсету сапасын арттырады және өтінімдердің орындалуын нақты уақыт режимінде бақылауды қамтамасыз етеді. Басшылар сервистік бөлімшелердің жұмысын қадағалап, өтінімдердің орындалуын қарап отырады және жүктемені талдап, өзекті ақпарат негізінде шешім қабылдай алады.
Бұдан бөлек, процестерді біріздендіру түрлі IT-шешімдерді қолдауға жұмсалатын шығын мөлшерін азайтады және цифрлық сервистерді компаниялар тобы деңгейінде таратуға негіз болады.
Жыл соңына дейін KMG Digital компаниясы SMAX платформасына ҚМГ-ның тағы жеті еншілес ұйымын қосуды жоспарлап отыр.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
224
29 июля 16:16
Сохраняя истоки: работники Каскада ГЭС провели масштабный субботник на БАО