Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
2025 жылы 166 түлек «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Жарқын болашақ» гранттық білім беру бағдарламасы аясында оқуын аяқтап жатыр. Бағдарлама Маңғыстау облысының мыңнан астам жасөспіріміне сапалы білім алуына жол ашты.
2025 жылғы түлектердің арасында:
Алдағы уақытта 109 адам еліміздің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарына түсуге ниетті, 21 түлек оқу мен жұмысты қатар алып жүргісі келеді, 27 колледж түлегі өз мамандығы бойынша білімін жалғастырмақ, тағы 9 бозбала әскер қатарында борышын өтейді.
Болашақ студенттер Астана, Алматы, Тараз, Қарағанды, Өскемен, Петропавл, Павлодар, Қостанай және Көкшетау қалаларындағы жоғары оқу орындарын таңдауда. Олар туризм, педагогика, бағдарламалау, құқық, өнер және жұмысшы мамандықтары сияқты 100-ден астам саланы меңгермекші.
Бағдарламаның тиімділігін былтырғы көрсеткіштер дәлелдеп отыр: 118 адамның ішінен 112 түлек Назарбаев Университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Қазақстан-Британ техникалық университеті сынды беделді ЖОО-лардың студенті атанды.
Айта кетейік, «Жарқын болашақ» бағдарламасы Жаңаөзен қаласы мен Маңғыстау облысының бес ауданындағы жоғары сынып оқушыларына арналған. Бағдарлама жастардың кәсіби бағдар алуынан бастап жаңа ортаға бейімделуіне дейін жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған.
ҚМГ тарапынан көрсетілетін қолдау: оқу ақысы, жатақхана төлемі, жол шығыны, шәкіртақы және тегін тамақтану. Бүгінде Маңғыстау облысынан 1 000-нан астам бала еліміздің үздік оқу орындарында сапалы білім алуда.