Главная Новости ҚазМұнайГаздың негізгі қаржы көрсеткіштері тұрақты өсіп келеді
01 қыркүйек 2021, 09:40 661

ҚазМұнайГаздың негізгі қаржы көрсеткіштері тұрақты өсіп келеді

Биылдың бірінші жартыжылдығында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ түсімі 3,1 трлн теңгені құрады, бұл өткен жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткіштен 38,5% жоғары. Бұл туралы Samruk Aqparat баспасөз орталығының алаңында өткен онлайн брифингі барысында ҚМГ Басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Қарабаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, мұнайға және мұнай өнімдеріне бағаның өсуі осы көрсеткішке оң ықпалын тигізді. Айталық, есепті кезеңде Brent маркалы мұнайдың орташа бағасы барреліне 65 млн АҚШ доллары деңгейінде қалыптасты, өткен жылмен салыстырсақ бұл 62,2% жоғары болып отыр.

Сонымен қатар қаңтар-маусым айларында компания 291 млрд теңге көлемінде оң бос ақша қаражатын жинақтады. Таза пайда 644 млрд теңгені құрады. Ал, EBITDA көрсеткіші 1,1 трлн теңгені құрады, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 92,6% жоғары.

«EBITDA, таза пайда, бос ақша ағыны көрсеткіштері 2020 жылдың бірінші жартыжылдығымен, сондай-ақ 2019 жылғы пандемияға дейінгі ұқсас кезеңмен салыстырғанда, анағұрлым жақсы деңгейде қалыптасты. Бұл 2020 жылы дағдарысқа қарсы бағдарламаның іске асырылуымен және операциялық, күрделі шығындардың қысқаруымен байланысты», – деді Дәурен Қарабаев.

Оның мәліметінше, 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында шоғырланған жалпы және әкімшілік шығыстар 2020 жылдың осындай кезеңіне қарағанда 8%-ға және 2019 жылдың 1-ші жартыжылдықтағы көрсеткіштен 26%-ға төмен деңгейде қалыптасты. Бұл ретте, абсолютті және салыстырмалы түрде ең көп қысқарған күрделі шығындар болды.

«Есепті кезеңде «ҚазМұнайГаз» бірлескен кәсіпорындарды санамағанда, ел қазынасына салық түрінде 300 млрд теңгеден астам қаражат төледі. Бұдан бөлек компания өз акционерлеріне 50 млрд теңге сомасына дивиденд төледі», – деп атап өтті ҚМГ Басқарма төрағасының орынбасары.

Дәурен Қарабаев «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы өндірістік және қаржылық көрсеткіштерді «пандемияға дейінгі» деңгейге жеткізу бойынша жұмысын жалғастырып жатқандығын алға тартты.

«Өндірістік нәтижелеріміз «дағдарысқа дейінгі» көрсеткіштерден әлі төмен болса да, қазірдің өзінде компанияның қаржылық ахуалы едәуір жақсарғанын көруге болады. Олардың кейбірі 2019 жылғыға қарағанда өсіп келеді. Дегенмен, бізге босаңсуға болмайды. Компания өзінің қызметін шығындарды барынша қысқарта отырып жалғастырады», – деп сөзін қорытындылады Дәурен Қарабаев.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: