Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қазпошта» АҚ цифрлық трансформация аясында қазақстандықтарға ыңғайлы болу үшін электрондық сервистерді белсенді түрде дамытуда, деп хабарлайды SKnews.kz «Қазпошта» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлттық пошта операторы қазақстандық нарыққа халықаралық компанияларды тартып отыр. Kazpost төлем карталарын қолданушылар үшін LetyShops кэшбэк-сервисі арқылы интернет сатып алуларға жұмсалған ақшаның 20% қайтаруға мүмкіндік бар.
«Қазпошта» АҚ елімізде е-commerce нарығын дамытуды ынталандыруда. Бұл өз кезегінде экономиканың қолма-қол ақшасыз төлем жүйесіне өтуіне жол ашады. Пошта байланысының ұлттық операторы 2027 жылға дейінгі Даму стратегиясына сәйкес электрондық коммерцияны дамыту үшін экожүйені қалыптастыруға баса назар аударып отыр.
«Пандемияға байланысты әлемде тұтынушылардың дағдылары өзгергені байқалады. Е-commerce үлесі артып, online-сервистер қарқын алды. Қазпошта бұл тенденцияларға сәйкес электрондық сауда алаңдарымен байланыс орнатты, сонымен бірге өзіміздің төлем карталарымызды шығарамыз. Оның ішінде виртуалды карталар да біздің тұрғындарға ұсынылады. Осылайша біздің клиенттерімізге ыңғайлы жағдай жасау үшін өзіміздің экожүйемізді құрып, қызметтердің толық спектрін ұсынып отырмыз», - деп атап өтті «Қазпошта» АҚ Тәуекелдер және комплаенс жөніндегі басқарушы директор Нұрқанат Нұрақынов.
Қол жеткізілген келісім онлайн түрде сатып алушыларға LetyShops серіктестерінен науқанға байланысты 20% дейін және қосымша 2% дейін cashback Kazpost AliExpress, Kazpost Virtual карталарымен төлеген кезде қарастырылған. Виртуалды картаны post.kz сайтында және мобильді қосымшасында ашуға мүмкіндік бар.
Сатып алушылар үшін 3 мыңнан астам интернет-дүкенді біріктіретін кэшбэк-сервистің артықшылықтарын қолдану мүмкіндігі бар. Рost.kz сайтында «Пайдалы интернет сатып алулар» айдарына өтіп, онлайн сатып алудың шарттарымен танысуға болады. Сілтеме бойынша серіктестің сайтына өтіп, тіркеуден өту қажет. Содан кейін дүкенді таңдап, Қазпошта картасымен оның ақысын төлеу қажет. Сатып алудың бағасынан берілген кэшбэкті Қазпоштаның кез келген картасына аударуға болады.
Бүгінде Ұлттық пошта операторы бизнес-процестерді цифрлық трансформациялау жұмыстарын белсенді жүргізуде. Қазпошта қызметтің сапасын жетілдіру және қазақстандықтарға ыңғайлы болу үшін жаңа функцияларды қолданысқа енгізуде.