Главная Новости «Қазпошта» ауылдық 216 бөлімшеге Starlink жоғары жылдамдықты интернетін қосты
13 июля 2026, 11:43 44

«Қазпошта» ауылдық 216 бөлімшеге Starlink жоғары жылдамдықты интернетін қосты

«Қазпошта» ауылдық 216 бөлімшеге Starlink жоғары жылдамдықты интернетін қосты

Қордың портфельдік компаниясы ауылдық 216 бөлімшеге Starlink спутниктік интернетін қосу жұмыстарын аяқтап, шалғай елді мекендерде сапалы байланысты қамтамасыз етті.

Бұл корпоративтік ақпараттық жүйелер жұмысының сенімділігін арттыруға ықпал етті. Сонымен қатар, бөлімшелерде ауыл тұрғындары мен клиенттер үшін жылдамдығы 350 Мбит/с-қа дейін жететін тегін Wi-Fi бар.

Жоба еліміздің 12 өңіріндегі ауылдық бөлімшелерді қамтыды. Олардың көбі - Жамбыл (60 бөлімше), Түркістан (43), Батыс Қазақстан (36), Қостанай (22) және Ақмола (20) облысында. Жоба ауылдық пошта желісін цифрлық трансформациялауға, байланыс арналарының сенімділігін арттыруға және халықтың мемлекеттік, қаржылық, пошталық және өзге де цифрлық қызметтерге қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді.

«Қазпошта» барлық өңір тұрғындарына орналасқан жеріне қарамастан сапалы қызметтерді қамтамасыз ету үшін заманауи технологиялық шешімдерді енгізуді жалғастырып жатыр.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: