Енді Қазпоштаның корпоративтік клиенттері мессенджерлер мен әлеуметтік желілердегі ресми парақшалар арқылы өтінім қалдыра алады.
Бизнеске арналған Байланыс-орталығының жұмыс режимі жұмыс күндері 09:00-ден 19:00-ге дейін.
Өтінімді төмендегі арналар арқылы қалдыруға болады:
- ҚР бойынша стационарлық телефондардан 1499 қысқа нөміріне тегін, ұялы телефон нөмірлерінен ақылы (минутына 21 теңге) қоңырау шалу;
- +7 727 2590605 телефон нөміріне қоңырау шалып, «4» батырмасын басу - Алматы қаласының тұрғындары үшін тегін. Басқа өңірлердің тұрғындары үшін қоңырау шалу ақылы – минутына 7 теңге;
- vip@kazpost.kz электрондық поштасына жазу;
- заңды тұлға ретінде @KazPostBot Телеграм-ботында өтінім қалдыру;
- заңды тұлға ретінде +7 700 1499 000 WhatsApp-ботта өтінім қалдыру;
- Қазпоштаның Facebook, Vkontakte-дегі ресми парақшаларында заңды тұлға ретінде өтінім қалдыру.
Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!