Главная Новости Қазпошта Египеттің Ұлттық поштасымен бірлесіп пошта маркасын шығарады
21 ақпан 2023, 08:18 998

Қазпошта Египеттің Ұлттық поштасымен бірлесіп пошта маркасын шығарады

Қазпошта Египеттің Ұлттық поштасымен бірлесіп пошта маркасын шығарады

Қазақстан Республикасы мен Египет Араб Республикасы арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық аясында, ЕАР-дағы ҚР елшілігі Сұлтан Бейбарыстың туғанына 800 тыл толуына орай, пошта маркасын шығаруды жоспарлап отыр. Аталған мақсатта «Қазпошта» АҚ және Египеттің Ұлттық пошта ұйымы бірлескен пошта маркасын шығару туралы меморандумға қол қойды.

«Қазпошта» АҚ пошта сервисі жөніндегі басқарушы директор Әбілбаева Сәуленің айтуынша, пошта маркасын шығару Дүниежүзілік пошта одағы актілеріне сәйкес, әр елдің өз күші және қаражатымен жүзеге асырылады.

«Баршамыз ұлы қазақ сұлтанының Мысыр елін қалай гүлдендіргенін білеміз. Сұлтан Бейбарыс тұсында Мысырда мешіттер салынып, қолөнер, жер қатынастары, ғылым, өнер және т.б. дами бастады. Осыған орай, батыр бабамыздың туғанына 800 жыл толуының құрметіне, Египеттің Ұлттық пошта ұйымымен бірлесе отырып, пошта маркасын шығару туралы шешімге келдік. Аталған идеяға қолдау көрсеткен мысырлық серіктестерімізге алғыс білдіреміз», – дейді «Қазпошта» АҚ Пошта сервисі жөніндегі басқарушы директор Сәуле Әбілбаева.

Египеттің Ұлттық пошта ұйымы өкілдері, өз кезегінде, қазақстандық серіктестерге алғыс айтып, бірлескен жұмыста сәттілік тіледі.

«Қазпошта басқа елдердің пошта ұйымдарымен қарым-қатынастарды нығайту және мерейтойлық күндерге, маңызды тарихи оқиғалар мен белгілі тұлғалардың құрметіне орай, бірлескен пошта маркаларын шығару ісін маңызды деп санайды», – деп атап өтті «Қазпошта» АҚ пошта сервисі жөніндегі басқарушы директоры.

Айта кетерлігі, тараптар өз қажеттіліктеріне қарай, пошта маркасының тиражын өздері анықтайтын болады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: