Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қазпошта» АҚ-ның жаңа бонд қоймасы пилоттық режимде жүктердің бірінші партиясын өңдеп үлгерді. Ұлттық пошта операторы қыркүйек айының ортасына қарай өңдеуге 100 тоннаға дейін пошта жөнелтілімдерін қабылдай отырып, қойманы толық қуатына шығаруды жоспарлап отыр. Жаңа бонд қоймасы «Қорғас – Шығыс қақпасы» еркін экономикалық аймағының аумағында орналасқан.
Қазпоштаның Бонд қоймасы арқылы алыс шет елдерге пошта жөнелтілімдерін жөнелтумен және қабылдаумен қатар ЕАЭО елдеріне транзиттік жүктерді өңдеуді жүзеге асырылады. Бұл өз кезегінде Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамытуға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда қазақстандық бондтың қызметі Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан тарапынан сұранысына ие. Сонымен қатар Қазпошта ірі қытайлық логистикалық компаниялармен келісімдерге қол жеткізді. Серіктес пошта әкімшіліктерімен жасалған уағдаластықтар тікелей тауар ағындарының көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді деп жоспарлануда.
Бонд қоймасында тауарларды сақтау қызметтері ритейлерге және электрондық сауда алаңдарына өте тиімді. Оларға тауарды кедендік аумақтан сатып алушыға жеткізуге әкеткеннен соң, салық баждары мен алымдарды төлеуге мүмкіндік беріледі. Бұл бизнеске шығындарды азайтуға және өздерінің клиенттеріне тапсырыстарды жылдам жеткізуге мүмкіндік береді.
Мұндай шешім өндіруші елден жеткізуді күтпей-ақ, өз тауарын неғұрлым қысқа мерзімде қолдарына алатын тұтынушыларға тиімді. Бұл артықшылықтардың барлығы электрондық коммерцияның дамуына және қолма-қол ақшасыз төлемдердердің өсуі есебінен көлеңкелі айналымдағы қаражатты азайту жөніндегі мемлекеттік міндетті шешуге ықпал етеді.
Жаңа бонд қоймасында жүктерді теміржол және автомобиль көлігімен қабылдау және жіберу мүмкіндігі бар.