Главная Новости Қазпошта Халықаралық көші қон ұйымымен ынтымақтастық орнатты
01 желтоқсан 2023, 10:11 642

Қазпошта Халықаралық көші қон ұйымымен ынтымақтастық орнатты

Қазпошта Халықаралық көші қон ұйымымен ынтымақтастық орнатты

Алматыда ҚР Үкіметі, мемлекеттік органдар, мемлекеттік және жеке жұмыспен қамту агенттіктері, жеке сектор және Орталық Азиядағы халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен Өңірлік үйлестіру тетігінің отырысы өтті.

"Қазпошта" АҚ қаржы қызметтері департаментінің директоры Әлия Шалтынова іс-шараға қатысып, Қазақстандағы босқындар үшін қолжетімді болатын, ақша аударымдары мен төлемдерді қабылдау қызметтерін таныстырды.

Қазпошта босқындардың қаржылық сауаттылығын арттыру және қаржылық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытында ХКҰ-мен бірлесе жұмыс жасайды. Осылайша, Астанада Қазпошта ХКҰ-мен бірлесе отырып, халықаралық отбасылық ақша аударымдары күніне орай, босқындарға арналған қаржылық сауаттылық тренингін ұйымдастырды.

Қазпоштаның қаржылық қызметтері Дүниежүзілік пошта одағының жетекші халықаралық төлем жүйелерімен және пошта қызметтерімен интеграцияланған, бұл Қазақстаннан тыс жерлердегі босқындар мен олардың отбасыларына айтарлықтай артықшылықтар береді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: