Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қазпошта» АҚ мен Business Investor Group ЖШС ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, оның аясында тараптар жаңа электрондық сауда алаңын дамытуға ниетті.
Қазпошта курьерлік және пошталық жеткізу қызметтерін, сондай-ақ фулфилмент-орталықтар сервисін көрсету бөлігінде маркетплейсті іске қосуға қатысуға ниетті. Жаңа интернет-дүкен делдалдық қызметтерді мүмкіндігінше алып тастай отырып, тұтынушылар үшін түпкілікті өнімнің құнын төмендету міндетін қояды.
«Ұлттық пошта операторы өз қызметін трансформациялау шеңберінде өз сервистерін жетілдіруге және электрондық сауда әлеуетін дамытуға бағытталған. Біз Қазақстан аумағында франчайзингтік серіктестер мен филиалдардың кең желісіне ие болып, бұл аудан мен тұрғындарға қажетті өнімді ірі қалаларға бармай-ақ сатып алуға жағдай жасауға мүмкіндік береді. Осы мақсатта біз Post.kz сайтымызда және мобильді қосымшада «Маркетплейстер сөресін» белсенді түрде дамытамыз, онда қазақстандықтар онлайн-сатып алулар жасай алады, содан кейін сатып алынған тауарларды жеткізуге тапсырыс бере алады», – деді «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Серік Саудабаев.
Маркетплейсті әзірлеумен Қазақстандық IT мамандар айналысқан.
«Тартылатын инвестициялар да шетелдік инвесторлардың қатысуынсыз. Сатып алушыларға тауарларды бөліп-бөліп сатып алу бойынша қызметтерді енгізу жоспарда бар. Болжалды ассортимент 100 мыңнан астам атауды құрайды. Біз ҚХР, Түркия, РФ, Еуропа және басқа да елдердің жеткізушілерімен біздің маркетплейсте тауарларды орналастыру туралы шарттар жасастық. Қазақстандық өндірушілерді ынталандыру тауарларды жеңілдікті негізде орналастыру болады», – деді Business Investor Group ЖШС басшысы Вячеслав Толок.
Әзірлеушілердің пікірінше, интернет -дүкеннің ерекшелігі тауарлар мен қызметтерді бөлшек және көтерме саудада, соның ішінде заңды тұлғаларға сатып алу мүмкіндігі болады. Жаңа дүкеннің ашылуы ағымдағы жылдың қараша айына жоспарланған.
307
27 апреля 12:01
Алатау Жарық Компаниясы: қауіпсіздік технологиялар бақылауында
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
178
04 мая 12:07
ТХКБ халықаралық көлік дәлізінің маңызды бөлігі жаңғыртылды