Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қазпошта» АҚ еңбек сіңірген қызметкерлері Республика күнін мерекелеу қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан мемлекеттік наградалар алды.
Сондай-ақ, «Қазпошта» АҚ филиалдарында өткен салтанатты марапаттау рәсіміне басқарушы директорлар да қатысты. Олар өңірлердегі ұжымдарды мерекемен құттықтап, ұлттық мереке Республика күніне орай медальдар мен ордендерді табыстады.
Биыл «Қазпошта» АҚ қызметкерлері тұңғыш рет Президент атынан Ұлттық мереке - Республика күніне орайластырылған мемлекеттік наградалармен марапатталды. Президент Тоқаев адам әлеуетінің маңыздылығын атап өтті: “Адамдар – біздің басты байлығымыз, экономикалық және қоғамдық дамудың басты қозғаушы күші. Сондықтан біз адам әлеуетін арттыруға бағытталған стратегиялық инвестицияларды ұлғайтатын боламыз”.
Марапаттау рәсімінде алғашқылардың бірі болып сөз алған «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Әсел Жанасова қатысушыларды Республика күнімен құттықтап, оларға қажырлы еңбектері үшін алғыс айтты: "Мен сіздерге адал еңбектеріңіз бен өз мамандықтарыңызға шынайы берілгендіктеріңіз үшін алғыс айтамын. Қазпошта 30 жыл бойы мемлекет үшін стратегиялық компания болып қала береді, біздің ұжым ең күрделі қоғамдық және геосаяси жағдайларда жұмыс істей алатындығын дәлелдей отырып, ел экономикасының дамуына зор үлес қосты".
Салтанатты рәсімде мынадай наградалар табысталды:
"Құрмет" орденімен 20 жылдан астам еңбек етіп келе жатқан Маңғыстау, Ақтөбе, Жамбыл, Түркістан облыстық филиалдарының өндірістік персоналының қызметкерлері марапатталды. Олардың қатарында пошташылар, операторлар, кассирлер және пошта байланысы тораптарының басшылары бар.
"Ерен еңбегі үшін" медалімен Қостанай, Қарағанды, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстық филиалдарының, сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент поштамттарының, "Оңтүстік" ақпараттық-логистикалық орталығының қызметкерлері марапатталды. Шымкент поштамтының қызметкері Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасын алды.
ҚР Президентінің атынан мемлекеттік наградаларды "Қазпошта" АҚ Басқарма төрағасы Әсел Жанасова табыстады.
Марапатталған қызметкерлердің тізімімен төменде танысса болады:
Марапатталған қызметкерлердің тізімі
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
137
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»