Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қазпошта Алматыда филиал қызметкерлеріне арнап қызметтерді сату бойынша семинар ұйымдастырды. Осылайша, сату жөніндегі мамандар, бас мамандар, сату бөлімінің басшылары, директорлардың бизнес жөніндегі орынбасарлары оқуға белсенді қатысты.
Оқыту бағдарламасы – қызметкерлерді ынталандырудың бір түрі болып табылады және ол өңірлік филиал ұжымдарын бір командаға біріктіреді. Семинарда қатысушылар сату техникасы, негізгі клиенттермен және наразылықтармен жұмыс істеу, клиентке бағдарланған сервис, сатылым процесін белсенді етуге жүйелі көзқарас және нәтижеге қол жеткізуге ұмтылу, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу саласындағы инновациялар туралы мол ақпарат алды. Айта кетерлігі, мұндай семинар шамамен 8 жыл бұрын ұйымдастырылған.
«Сату жөніндегі тренинг біз үшін маңызды оқиға болды. Ол бізді ынталандырып, білімімізді толықтырды. Мұнда айтылған көптеген кейстер мен «брэйн штормдың» нәтижелерін енді мен өз жұмысымда пайдаланатын боламын. Сондай-ақ біз тәлімгермен бірге сату кезеңдеріне тоқталып, сату және іскерлік келіссөздер скриптерін пысықтадық. Мен клиенттерді тартуда қолданылатын жаңа әдістермен таныстым. Сондықтан алған білімі мен дағдыларымды шыңдап, білгенімді әріптестермен бөлісу үшін өз поштамтыма оралуды асыға күтіп тұрмын», - дейді Шымкент поштамты директорының орынбасары Алмагүл Жармұхамбетова.
Семинардан кейін сату бөлімшелерінің қызметкерлері, пошта тораптары басшылары сату дағдыларының маңызды екенін және сату бөлімшесінің жұмыскері - компанияның айнасы екеніне тағы бір мәрте көз жеткізді. Оқу бағдарламасының қорытындысы ретінде қызметкерлерге сертификат берілді. Енді олар өңірлерге оралған соң, жергілікті жерлердегі қызметкерлерге арнап осындай оқу бағдарламасын өткізбек.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
194
13 марта 17:18
Компании группы АО «Самрук-Қазына» удостоились ряда наград Казахстанской фондовой биржи