Главная Новости Қазпошта қызметкерлерінің еңбекақысы қалай өсті?
04 мамыр 2022, 09:34 1355

Қазпошта қызметкерлерінің еңбекақысы қалай өсті?

Қазпошта қызметкерлерінің еңбекақысы қалай өсті?

«Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Серік Саудабаев «2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасының» Кешенді жоспарын іске асыру жөніндегі кеңеске қатысып, 2022 жылғы 1 ақпанда Қазпошта компаниясының өндірістік филиалдары қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына сараланған тәсілді қолдана отырып индекстеу жүргізгенін атап өтті.

Индекстеу пайызы лауазымдық жалақы деңгейіне байланысты белгіленген. Индекстеудің максималды пайызы 25%-ды құрады. Ол жалақысы төмен лауазымдарға қолданылды. Компанияда барлығы 13,8 мың жұмыскердің лауазымдық жалақылары индекстелді. Бұл жалпы штат санының 93,5%-ы. Жүргізілген индекстеу қызметкерлердің орташа жалақысын 149,2 мың теңгеден 176,2 мың теңгеге дейін, оның ішінде өндірістік персонал бойынша – 135,1 мың теңгеден 160,5 мың теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Бұдан бөлек, қызметкерлердің кірістерін арттыру жөніндегі іс-шаралар шеңберінде 2022 жылғы 1 сәуірден бастап Қазпошта жүргізушілер, пошта вагондарының, инкассаторлардың, фельдъегерлердің жолсеріктері үшін жол жүру сипаты үшін өтемақы мөлшерін ұлғайтты. Бұл жоғарыда аталған лауазымдардың 1 260 жұмыскерінің еңбек ақысын орта есеппен 17 мың теңгеге арттырады.

Сонымен қатар, Қазпошта қызметкерлерінің әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту мақсатында:

  • 2022 жылдың қаңтарынан бастап пошташыларға қоғамдық көлікте жүргені үшін ставкаға қарамастан толық мөлшерде өтемақы төлейді;
  • скринингтік зерттеулерден өту үшін қызметкерлерге жалақысы сақтала отырып, үш күндік демалыс беріледі;
  • жыл сайын 2 млн теңгеге балалардың сауықтыру лагерьлеріне жолдамалар сатып алу және тағы басқа соманы ұлғайтады.

Сондай-ақ, Қазпошта қаржылық мүмкіндіктер шеңберінде еңбекақы төлеу қорынан үнемдеуді өндірістік персонал еңбекақысының ауыспалы бөлігін және лауазымдық айлықақыны арттыруға жібереді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: