Главная Новости «Қазпошта» мен «Қазақтелеком» телемедицинаны бірге дамытады
13 қараша 2021, 08:49 760

«Қазпошта» мен «Қазақтелеком» телемедицинаны бірге дамытады

«Қазпошта» мен «Қазақтелеком» телемедицинаны бірге дамытады

Ұлттық пошта операторы «Қазпошта» АҚ мен ірі телеком-операторы «Қазақтелеком» АҚ телемедицина және IoT саласында ынтымақтасатын болады. Тиісті меморандумға бүгін компаниялардың басшылары Серік Саудабаев пен Қуанышбек Есекеев қол қойды. Нарықтың екі ірі ойыншысының күш-жігерін кооперациялау республикадағы медицина саласын цифрландыру мен IoT-кейстерді масштабтау қарқынын арттырып қана қоймай, синергия есебінен екі компания қызметінің бейінді бағыттарын дамытуға серпін беруге мүмкіндік береді.

«Қазақтелекомның» құжаты аясында «Қазпошта» бөлімшелерінде IoT элементтерін енгізу жоспарлануда. Атап айтқанда, электр қуатын тұтынуды бақылайтын датчиктер, өрт қауіпсіздігі жүйелері, температураны бақылау, жеке үй-жайлардағы микроклимат және тағы басқалар орнатылады. Осының барлығы сайып келгенде пошта қызметіне қаржылық шығындарды оңтайландыруға және түрлі оқиғалар мен ТЖ тәуекелдерін қысқартуға көмектеседі. Бұдан басқа, «Қазпоштада» ішкі инфрақұрылымның жай-күйін онлайн режимінде қадағалауға және штаттан тыс жағдайлар туындаған кезде жедел ден қоюға мүмкіндік беретін орталықтандырылған қадағалау пункті пайда болады.

«Екі технологиялық компанияның қол қойылған құжаты шеңберіндегі ынтымақтастық біздің клиенттермен өзара іс-қимыл алгоритмін неғұрлым ыңғайлы, жылдам және тиімді етуге мүмкіндік беретініне сенімдімін. Бұл жолдың бастамасы ғана, болашақта біз әріптестік пен тәжірибе алмасу үшін жобалар портфелін кеңейте аламыз. «Қазақтелекомның» телекоммуникация және IT-салаларындағы тәжірибесі мен портфолиосы күмәнсіз, олар «Қазпошта» үшін өте пайдалы болар еді, бірақ бізде де телеком-оператор үшін қызықты болуы мүмкін өз атқарымдарымыз бен жобаларымыз бар», – дейді «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Серік Саудабаев.

 

Қазпошта мен Қазақтелеком ынтымақтастығының тағы бір бағыты телемедицина болмақ. Осылайша, бірінші кезеңде пошта қызметі қызметкерлерінің бір бөлігін Imedicus медициналық онлайн-консультациялар сервисіне қосу, кейіннен барлық қызметкерлерді. Бір жарым жыл бұрын іске қосылған телеком-оператор Medicus платформасында қазіргі уақытта 50 мыңнан астам пайдаланушы тіркелген, оларға 120 мыңнан астам қашықтықтан консультация берілді. Жүйеде 66 мамандықтың 300-ге жуық дәрігері бар. Олардың ішінде терапевттер, педиатрлар, кардиологтар, гинекологтар, аллергологтар, гастроэнтерологтар, онкологтар айтпақшы, Imedicus-тің техникалық мүмкіндіктері күніне 100 мыңға дейін кеңес алуға, күніне кемінде миллион сұраныстарды өңдеуге болады, сонымен бірге жүйеде кемінде 20 мың дәрігер жұмыс істей алады.

«Бастапқыда телемедицина деп түрлі медициналық мекемелер арасында байланыс орнату, осы мекемелердің біріне келген немесе түскен нақты пациент туралы дәрігерлердің нақты уақыт режиміндегі консилиумдары тұспалданды. Телемедицинаның осындай үлгісінің қажеттілігі туралы дауласпай, біз «Қазақтелекомда» одан әрі қарай жүруді шештік – кез келген қазақстандық, оның ішінде «Қазпошта» қызметкері үйден немесе кеңседен шықпай-ақ өзіне ыңғайлы уақытта және тәулік бойы білікті медициналық кеңес ала алатын алаң құру, өйткені медицинада бірнеше сағаттық айырмашылық кейде өмір мен өлім мәселесіне айналады», – «Қазақтелеком» АҚ Басқарма Төрағасы Қуанышбек Есекеев.

Сондай-ақ, қол қойылған меморандум аясында клиенттік тәжірибені және «Қазпошта» мен «Қазақтелеком» жолын жақсартуға бағытталған бірқатар бірлескен жобалар мен бастамалар қарастырылуда. Атап айтқанда, «Қазақтелекомнан» ТV+ мультимедиялық платформасын сатудың жаңа арналарын дамыту жоспарлануда - пошта қызметі бөлімшелерінің операторлары осы қызметке қосылуға өтінімдерді қабылдайтын болады, бұл ТV+ - ті халық үшін қолжетімді етуге мүмкіндік береді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: