Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Бүгін Digital Forum Almaty форумы аясында «Қазпошта» АҚ ұлттық пошта байланыс операторы мен Mastercard халықаралық төлем жүйесі арасында стратегиялық әріптестік туралы Меморандумға қол қойылды. Тараптар Қазақстандағы қолма-қол ақшасыз экономика және финтех-экожүйелерді ынталандыру саласындағы ынтымақтастықты дамытуға уағдаласты.
Құжатта әлеуметтік жобалар үшін төлем шешімдерін әзірлеу және нарыққа шығару, электрондық коммерцияны дамыту, шағын және орта бизнесті цифрландыру, сондай-ақ Қазақстанда жылдам, үздіксіз және қауіпсіз цифрлық тәжірибені қамтамасыз ету бойынша бірлескен жұмыс көзделеді.
Меморандумға «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова мен Орталық Азиядағы Mastercard бас директоры Рафал Трэпка қол қойды.
«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова:
«Біздің Mastercard-пен өзара іс-қимылымыз бірнеше жыл бұрын басталып, жыл өткен сайын ауқымды сипатқа ие болуда. Қарым-қатынасымыздың жаңа кезеңіне қуаныштымыз және ынтымақтастығымыздың әлеуетін жоғары бағалаймыз. Қазпошта дамуының ағымдағы векторы ең озық өнімдер мен сервис стандарттарын инновациялауға және енгізуге бағытталған. Masterсard сияқты жаһандық ойыншымен ынтымақтастық халықтың кең тобына қаржылық қызметтерге қол жетімділікті қамтамасыз етуге, ең озық технологиялар мен құралдарды енгізуге мүмкіндік береді».
Орталық Азиядағы Mastercard бас директоры Рафал Трэпка: «Қазпошта маңызды рөл атқаратын қаржылық технологиялар мен қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамытпай, цифрлық экономиканы қалыптастыру мүмкін емес екеніне сенімдіміз. Бүкіл әлем сияқты, біз Қазақстанда да цифрлық экономиканың дамуын одан әрі ынталандыратын озық инновацияларды енгізіп жатырмыз. Қазпоштамен бірлесіп жұмыс істеу көптеген қазақстандыққа инновациялық қаржылық қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді, ал біздің сараптама мен халықаралық тәжірибеміз әлеуметтік аспектілерді дамытуға, ШОБ-ты цифрландыруға және электрондық коммерцияға қосымша серпін беруге мүмкіндік береді».
Серіктестіктің маңызды бөлігі инновациялық технологияларды дамыту саласындағы бірлескен іс-шаралар, тәжірибе алмасу, «Қазпошта» АҚ қаржы технологияларының экожүйесін дамытуды қолдау, сондай-ақ басқа да жобалар болады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
88
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
98
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы