Главная Новости «Қазпошта менің үйіме айналды». 40 жыл ғұмырын пошта қызметіне арнаған білікті басшы
07 сәуір 2023, 12:00 1405

«Қазпошта менің үйіме айналды». 40 жыл ғұмырын пошта қызметіне арнаған білікті басшы

«Қазпошта менің үйіме айналды». 40 жыл ғұмырын пошта қызметіне арнаған білікті басшы

Саналы ғұмырын пошта саласына арнап, өзінен кейін көптеген жас маман тәрбиелеген пошта саласының қызметкерлері жайлы көпшілік біле бермейді. Ендеше назарлараңызға Қазпоштаның Маңғыстау облыстың филиалының директоры Утебалиева Дариха Ерғалиқызының еңбек жолын әңгімелейміз.  

Дариха Ерғалиқызы 40 жылын ғұмырын пошта саласына арнаған білікті басшы. Қарапайым пошта байланысы операторынан бастап, өңір филиалы директорына дейін көтерілген ол, бастапқыда мұғалім болуды армандағанын айтады.

«Мектепте оқығанда, пошта саласына барамын, сонда істеймін деген ой мүлде болған жоқ. Мектепті жақсы бітірдім, сосын Астрахань педагогикалық институтына, шет тілдері факультетіне түсейін деп едім. Бірақ бірінші жылы түсе алмадым. Сосын сол институттың жанындағы техникалық байланыс училищесіне құжаттарымды тапсырып, оны үздік бітірдім. Содан кейін Астрахань электр-техникалық байланыс колледжінде техник-экономист мамандығын бітірдім. Сөйтіп Кеңес Одағының кезі ғой, Шевченко қаласына жолдама берді. Сол жаққа Маңғышлаққа жас маман, пошта байланысы операторы ретінде келдім. Жұмысқа кірген соң, Халық шаруашылығы институтының экономика бөлімін сырттай тәмамдадым. Өмірі арманым – мұғалім болу болатын. Поштада 40 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келемін және осы уақытта талай жас маманға жол көрсеттім, себебі маған осы кәсіп ұнайды. Көп адамдармен жұмыс істедік, қазір тіпті олардың балалары келіп, бізде жұмыс істеп жатыр. Бірақ мені пошта саласына тағдырдың өзі итерген шығар. Себебі училищеде тәжірибеден өттім, сосын дипломдық жұмысым да осы пошта саласымен байланысты болды. Оқудан келген соң да мені Ақтау почтамтына жұмысқа жіберді. Почта саласына солай сіңіп кеттім», - деп алғаш еңбек жылдарын еске алады кейіпкер.

Сонымен бірге Дариха Ерғалиқызы жергілікті колледждердің бірінде пошта мамандарын даярлауды қолға алған.

«Бізде пошта мамандығы жоқ, соны көп армандадым. Яғни пошта саласы қызметкерлерін кәсіби түрде дайындаса екен деп ойладым. Сөйтіп ана жылы әкімдіктің көмегімен Есенов атындағы колледжде бөлім аштық. Онда пошта байланысы операторлары дайындалатын болады. Сол балаларға барып, өз білгеніммен бөлісіп, оларға бізден тәжірибеден өтуге мүмкіндік жасаймыз. Баяғы мұғалім болу арманыма осы поштада, жаңа ұрпаққа өз білгеніммен бөлісіп жеттім деп ойлаймын», - дейді ол. 

Облыстық филиал басшысы жылдар бойы өзі үлгі алған тәлімгерін де еске алды.

«1995 жылдан бастап басшылықтың орынбасары лауазымындамын. Сол кезде пошта саласында экономист болып жүргенде, бізде Менжасаров Меңдібай деген байланыс басқармасының орынбасары бар еді. Сол кісіден кейін Маңғышлақта мен орынбасар болдым. Сөйтіп 27 жылдай басқарма басшысы орынбасары, директор орынбасары қызметін атқарып жүрмін. Көбінесе сол кісіден үлгі алдым. Сол кісі әр пошта бөлімшесін көзбен көруің керек деп айтатын. Себебі өзімен бірге сол кездері бүкіл облысты аралағанбыз. Қазір енді түнде ұйықтап жатқанда оятсаңыз, олардың қайда екенін айта аламын. Қазпошта менің үйім, пошта қызметкерлері менің отбасыма айналды», - дейді ол.

Әңгіме соңында білікті басшы жастарға құнды кеңестерімен де бөлісті. 

«Жастарға айтатыным клиенттерге құрметпен қарап, өздеріңізді оның орнына қойып үйрену керек. Сабырлы, еңбекқор болған жөн. Кез келген жетістікке жету үшін, төзімді болу керек», - деп әңгімесін аяқтады біздің кейіпкер.  

Майнұр Жанақова,

«Қазпошта» АҚ PR қызметі

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: