Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қазпошта» АҚ онлайн-дүкен алаңында сатып алынған тауарларды Түркия, Германия, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түрікменстанға және басқа да елдерге жөнелту бойынша Ozon компаниясымен әріптестік ынтымақтастықты кеңейтеді. 2021 жылы «Қазпошта» АҚ мен Ozon-ның пошта және курьерлік қызмет көрсету жөніндегі ынтымақтастығы басталды, IT-жүйелер интеграцияланып, бірлескен бағдарламаны одан әрі дамыту жұмысы қолға алынды.
Осылайша, 2023 жылдың қыркүйек айынан бастап республикалық маңызы бар, яғни Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы филиалдарда және «Қазпошта» АҚ-ның барлық облыстық филиалдарындағы пошта байланысы бөлімшелері мен сәлемдемелер супермаркеттерінде Ozon тапсырыстарын беретін 23 пункт ашылды. Ozon тапсырыстарын беру пункттері «Қазпошта» АҚ-ның барлық 17 филиалында ашылды.
"Ozon тапсырыстарының көлемі жыл сайын артып келеді. Егер 2021 жылы 58 541 жөнелту болса, 2022 жылы олардың саны 3 есе артты. Биылғы жылдың 10 айында Қазпошта өз бөлімшелері мен тапсырыс беру пункттері арқылы жарты миллионға жуық сәлемдемелерді тапсырдыі. Біз жеткізу жылдамдығын қысқартуға және клиенттер үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік беретін электрондық коммерция логистикасын және экожүйені одан әрі дамытатын боламыз", - дейді «Қазпошта» АҚ электрондық коммерция және сәлемдемелер бизнесі жөніндегі басқарушы директорының м.а. Сұлтан Мұстафин.
Тауарлар саны ұлғайған сайын электрондық коммерция тауарларын жіберу көлемі де артып келеді.
«Біз Қазақстанның пошта бөлімшелерінде кемінде 30, 2024 жылдың соңына дейін — 300 брендтік пункт ашуды жоспарлап отырмыз. Олардың барлығы Ozon стандарттары бойынша, яғни демалыс күндерінсіз және 12 сағаттық жұмыс күні режимінде жұмыс істейтін болады. «Қазпошта» АҚ-мен мұндай ынтымақтастық бізге бүкіл ел бойынша клиенттер үшін тапсырыстарды беру шарттарын жақсартуға және жеткізу мерзімдерін барынша жылдамдатуға мүмкіндік береді. Ұлттық оператор табысты серіктестікті көздеп отыр және біз өз тарапымыздан бізге артылған сенімді ақтауға тырысамыз», - дейді Қазақстандағы Ozon-ның бас директоры Мөлдір Рысалиева.
Астана, Алматы, Ақтөбе қалаларындағы сұрыптау және фулфилмент орталықтарының базасында «Қазпошта» АҚ Ozon тапсырыстарын сұрыптауды өз мойнына алып, бірінші мильді қысқартты. Бұл шешім клиенттерге тапсырыстарды тезірек жеткізуге және географияны кеңейтуге мүмкіндік берді. Ozon маркетплейсінде мыңдаған қазақстандық кәсіпкерлер өз тауарларын сатады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
64
11 декабря 11:49
«Самрук-Қазына» представил планы по новым IPO на AIFC Connect в Абу-Даби