Главная Новости Қазпошта пошта-логистикалық қызмет көрсету сервисін жетілдіруде
25 наурыз 2021, 15:44 1556

Қазпошта пошта-логистикалық қызмет көрсету сервисін жетілдіруде

Қазпошта пошта-логистикалық қызмет көрсету сервисін жетілдіруде

Ұлттық пошта байланысының операторы халықаралық пошта жөнелтілімдері мен жүктерді кедендік ресімдеу жөніндегі қызметті іске қосады. Кеден өкілі мәртебесін алу «бір терезе» қағидасы бойынша кешенді қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

«Қазпошта» АҚ-ның 2027 жылға дейінгі Даму стратегиясы аясында кедендік қызметтерді қамтамасыз ету кешенді логистикалық қызметтерді құрудың бір бөлігі болып табылады. Биыл біздің компания кедендік өкілдер тізіліміне енгізілді. Бұл біздің почта-логистикалық қызметті көрсетудің толыққанды моделін құру жолындағы қадамдарымыздың бірі және оның мультипликативтік нәтижесі бар. Осылайша, біз еліміздің тұрғындары үшін қызметтер спектрін кеңейтеміз. Жеткізу мен сақтаудан бастап тапсырыстарды басқару мен қозғалысты қадағалауға дейін толыққанды сервистік модельді ұсынамыз», – деді «Қазпошта» АҚ Логистикалық сервис жөніндегі басқарушы директоры Асқар Әбдікәрімов. 

Бүгінде халықаралық пошта жөнелтілімдері мен жүктерді кедендік ресімдеу бойынша қызметтер Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында қолжетімді болмақ. Болашақта қызмет көрсету аясын кеңейту және барлық облыс орталықтарында кедендік ресімдеуді ұсыну жоспарлануда.

«Кедендік өкіл мәртебесі біздің клиенттерімізге кедендік шекара арқылы өткізілетін халықаралық почта жөнелтілімдері мен жүктерді ресімдеу бойынша кешенді қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Біздің мамандар тиісті оқудан өтті және дайындалды. Логистикалық процестерді оңтайландырып және жеделдетіп,  біз қызметтердің барлық спектрін ұсыну негізінде өңірлік саясатты дамытамыз», – деді ол.

Сондай-ақ, Қазпошта уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін алу бойынша жұмыс жүргізуде, ол ЕАЭО-ға кіретін мемлекеттердің шекараларын кесіп өту кезінде жүктерді ресімдеудің оңтайландырылған тәртібін пайдалануға мүмкіндік береді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: