Главная Новости «Қазтеміртранс» АҚ қызметкерлері 27 келіден астам батареяны кәдеге жарату үшін тапсырды
04 наурыз 2024, 10:52 824

«Қазтеміртранс» АҚ қызметкерлері 27 келіден астам батареяны кәдеге жарату үшін тапсырды

«Қазтеміртранс» АҚ қызметкерлері 27 келіден астам батареяны кәдеге жарату үшін тапсырды

2023 жылы «Қазтеміртранс» АҚ қызметкерлері 27 келіден астам батарея жинап, мамандандырылған ұйымдарға кәдеге жаратуға тапсырды.

«Қазтеміртранс» АҚ «Батарейканы тапсырда да кірпіні құтқар» экологиялық жобасына бірінші жыл қатысып отырған жоқ. Қызмет мерзімі өткен батареялар компанияның кеңсесінде және қоғамның филиалдарында орнатылған арнайы қораптарда жиналады.

«Күнделікті кездесетін қалдықтардың кез келген түрін қалай дұрыс өңдеу керектігін үйрену маңызды. Сондықтан біз өз күшімізбен қоршаған ортаны сақтауға тырысамыз, өйткені ең бастысы - өзіңнен бастау, содан кейін басқа адамдар сенің үлгіңді ұстанады», - деп атап өтті еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік жөніндегі топтың бас менеджері Нұрлан Жезбаев.

2022 жылы экоакция аясында «Қазтеміртранс» АҚ кәдеге жарату үшін 30 кг астам батарея өткізді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: