Главная Новости «Қазтеміртранс» АҚ соңғы жылдары 25 мыңнан астам вагон сатып алған
23 қазан 2024, 16:36 66

«Қазтеміртранс» АҚ соңғы жылдары 25 мыңнан астам вагон сатып алған

«Қазтеміртранс» АҚ соңғы жылдары 25 мыңнан астам вагон сатып алған

Теміржол көлігі ел экономикасында стратегиялық рөл атқарады. Ол жүк айналымының 60%-дан астамын қамтамасыз етумен қатар жолаушылар мен әлеуметтік маңызды жүктерді тасымалдайды. Сол себепті «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының стратегиялық бағыттарының бірі – жолаушылар, жүк вагондары мен локомотивтер паркін жаңартуға негізделіп отыр.  

Еліміздегі көмір, астық, мұнай және мұнай өнімдері, кен, минералды тыңайтқыштар сияқты сусымалы және құйма жүктерден тұратын негізгі тауарларды тасымалдайтын «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның еншілес ұйымы – «Қазтеміртранс» АҚ өзіне қарасты жүк вагондары паркін жаңартуды жалғастыруда. Биылдың өзінде «ҚТТ» АҚ су жаңа 260 ашық вагон сатып алды. Бұл жаңа вагондар 70 тоннаға дейін жүк көтергіштігін қамтамасыз ететін заманауи стандарттар мен техникалық талаптар үдесінен шығып отыр.  

– Ашық вагондар астық, көмір және басқа да әлеуметтік маңызы бар жүктерді тасымалдауға арналған, бұл жүк тасымалдарының тиімділігі мен сенімділігін арттыруға ықпал етеді. Жыл соңына дейін компания тағы да 1000-нан астам жаңа жүк ашық вагондарын сатып алуды  жоспарлап отыр. Бұл компанияның жылжымалы құрамын жаңартудағы маңызды қадам болып отыр, – дейді «Қазтеміртранс» АҚ Бас директорының орынбасары Тәңірберген Құсайынов.  

Сөз реті келгенде, «Қазтеміртранс» АҚ соңғы жылдары 25 мыңнан астам вагон, ал былтыр 242 ашық вагон сатып алғанын атап өтсек. Қазір компания жеке меншігінде 47 000 жүк вагоны бар. Олар жабық вагондар, платформалар, ашық вагондар, цистерналар, астық тасымалдаушы, цемент тасымалдаушы, фитингті платформалар.

Жаңару үрдісін локомотивтер паркінен де көруге болады. 2023 жылы ҚТЖ 112 бірлік локомотив сатып алды. Бұл локомотив шаруашылығы тарихындағы ең ірі сатып алу көрсеткіші болатын. Бұл локомотив паркінің тозуын 2020 жылғы 68%-тен 2023 жылы 52%-ке дейін төмендетуге мүмкіндік берді.

Алдағы бес жылда, яғни 2029 жылға дейін «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС 359 локомотив сатып алуды көздеп отыр. Оның ішінде 75 ТЭ33АС сериялы магистральдық тепловозы, 36 2ТЭ25КМ сериялы магистральдық тепловозы, 130 KZ8А сериялы электровозы, 18 ТЭМ11А сериялы маневрлік тепловозы, 37 ТЭП33А сериялы жолаушылар тепловозы, 63 KZ4АТ сериялы жолаушылар электровозы сатып алынбақ.  

Заманауи локомотивтер Астана қаласындағы локомотив және электровоз құрастыру зауыттарында жиналады. Бұл ауыр техникалар – жүк пойыздарымен жүк тасымалдауды жандандыруға қабілетті сенімді техника. Сонымен қатар ҚТЖ-ның қытайлық «CRRC Corporation Limited» корпорациясымен ынтымақтастық туралы келісімі шеңберінде 100 маневрлік және 100 магистральдық локомотив сатып алынады деп күтілуде.  

Сұлугүл Бакесова

Дереккөз: "Қазақстан темір жолы"

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: