Главная Новости Қазтеміртранс өзінің вагондар паркін бөлу регламентінің жобасын таныстырды
06 мамыр 2024, 15:11 795

Қазтеміртранс өзінің вагондар паркін бөлу регламентінің жобасын таныстырды

Қазтеміртранс өзінің вагондар паркін бөлу регламентінің жобасын таныстырды

ҚТЖ-да "Қазтеміртранс" АҚ Жүк вагондарының паркін бөлу" регламентінің жобасы таныстырылды. Құжаттың мақсаты - клиенттерге вагондарға тең қол жетімділікті қамтамасыз ету. Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері мен клиенттер қатысты.

"Біз нарықтың барлық қатысушылары үшін әділ жағдай жасауға және логистикалық үдерістердің тиімділігін қамтамасыз етуге ұмтыламыз. Регламент бұл бағыттағы маңызды қадам болып табылады, ол бізге вагондарды бөлуді оңтайландыруға және ресурстарымызға тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деп атап өтті "Қазтеміртранс" АҚ Бас директоры Қайрат Сауырбаев.

Регламенттің негізгі идеяларының бірі вагон паркін басқаруды автоматтандыру болып табылады. Бұл алгоритмдер мен клиенттердің қалауын ескере отырып, ресурстарды дәлірек және әділ бөлуді қамтамасыз ете отырып, бөлу процесінен адам факторын алып тастауға мүмкіндік береді.

Бұл ретте "Қазтеміртранс" АҚ өзінің әлеуметтік жауапкершілігі мен қоғам алдындағы міндеттемелерін сақтайды. Ол тұрғындар мен  ЖЭО үшін көмір сияқты әлеуметтік маңызы бар жүктерді тасымалдауға арналған вагондарға, сондай-ақ инфрақұрылымдық жобаларды салуға арналған жүктерге қолжетімділікті қамтамасыз етуді жалғастырады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: