Главная Новости «ҚазТрансГаз» АҚ ЕҚДБ алтын сыйлығын иеленді
Маңызды Компания тынысы01 шілде 2021, 12:40 364

«ҚазТрансГаз» АҚ ЕҚДБ алтын сыйлығын иеленді

«ҚазТрансГаз» АҚ ЕҚДБ алтын сыйлығын иеленді

Еуропалық қайта құру және даму банкінің кезекті жиынында Банктің Тұрақты даму саласындағы жыл сайынғы сыйлығының иегерлері  анықталды. Биыл экологиялық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге қосқан зор үлесі үшін ЕҚДБ-ның 21 серіктесі марапатқа ие болды. Көмірқышқыл газының таралуын қысқартуда жетістікке қол жеткізген ұлттық газ операторы «ҚазТрансГаз» АҚ-на Алтын жүлде табыс етілді.

ЕҚДБ құрметті наградалары жыл сайын қызметі тұрақты дамуды қамтамасыз етуге бағытталған және тұрақтылық жолына түскен серіктес компанияларға беріледі.

«ҚазТрансГаз» АҚ хабарлағандай, компания Қазақстан Республикасының ішкі нарығына негізгі газ жеткізуші болып табылады және ел тұрғындарының жартысынан көбін тауарлық газбен қамтамасыз етеді. Сондықтан ұлттық оператор өз қызметінде экологиялық және әлеуметтік мәселелерді шешуге   басымдық береді. Компания болашақта көміртегі зиянын  барынша азайту бағытында тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін барын салады.

«ҚазТрансГаз» АҚ-ның ЕҚҚДБ-мен ынтымақтастығы 2016 жылы басталды. Сол жылы банк «Интергаз Орталық Азия» АҚ және «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ газ инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған инвестициялық жобаларды қаржыландыру жөнінде келісімшартарға қол қойды.

ЕҚДБ-мен ынтымақтастық барысында «Бозой» жерасты газ қоймасы жаңартылды. Бұл – Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне жеткізілетін газ көлемін ұлғайтуға және екі ірі қала – Алматы мен Шымкенттегі ауаға тарайтын зиянды заттарды айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берді.

Инвестициялық жобаларды іске асыру аясында Маңғыстау облысында 104 км жаңа газ құбырлары салынып, 533 км құбыр жаңғыртылды, 28 газ реттеу пункті, 17 шкафты газ реттегіш, 4 автоматты газ тарату станциясы ауыстырылып, жаңадан орнатылды.

Ақтөбе облысында қуаттылығы сағатына 300 мың текше метр АГТС-300 жаңа автоматты газ тарату станциясының құрылысы ішінара қаржыландырылды, ол бүгінгі күні Қазақстан Республикасындағы ең қуатты станция саналады.

Қостанай облысында 4 ауыл мен Рудный қаласы газдандырылды, 35,6 км жаңа газ құбыры салынды, 7 газ реттеу пункті, 2 шкафты газ реттегіш орнатылды. Сағатына 30 мың текше метр автоматты газ тарату станциясын орнату арқылы  ұзындығы 132 км Тобыл кенті – Әулиекөл елдімекенінің жоғары қысымды газ құбырының құрылысы ішінара қаржыландырылды.

«ҚазТрансГаз» АҚ тарапынан ЕҚДБ-не метанның ретсіз таралуы мен көміртегі шығарындыларының қарқынын төмендету бағдарламасын әзірлеуде тәжірибе алмасып, қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірілді. Бұл жобаны іске асыру 2060 жылға қарай Қазақстандағы ауаға тарайтын көміртегі көлемін барынша азайтуға қол жеткізудің негізгі алғышарттарының бірі болады.

Выпуски SK NEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Нур-Султан, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: