Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
"ҚазТрансГаз" АҚ Қытай даму банкінен алған қарызы бойынша 500 млн АҚШ долларын мерзімінен бұрын өтеді. Нәтижесінде несие мерзімі 2 жылға қысқарды деп хабарлайды Компанияның баспасөз қызметі.
Мәселе мәнісіне келсек, "ҚазТрансГаз" АҚ еншілес ұйымы "Азиялық Газ құбыры" ЖШС "Қазақстан-Қытай" магистральдық газ құбырын салу жобасын іске асыру мақсатында 2008 және 2012 жылдары Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясының 100%-дық корпоративтік кепілімен жалпы сомасы 10,2 млрд АҚШ долларына синдикатталған банктік қарыз алған.
Бүгінгі таңда екі қарыз бойынша берешек сомасы 5,2 млрд долларын құрайды екен. Дегенмен "ҚазТрансГаз" АҚ борыштық жүктемені төмендетуге бағытталған бірқатар мәмілелерді табысты жүргізіп, оның нәтижесінде осы қарыздар бойынша борыштық міндеттеме 5 млрд долларға азайған. Оның ішінде мерзімінен бұрын 1 млрд 450 млн доллар өтелген.
2018 жылдың 20 желтоқсанында "ҚазТрансГаз" АҚ қосымша 800 млн доллар өтеп, оның 500 млн доллары – мерзімінен бұрын қайтарылған. Мұндай қадамдар 600 млн астам АҚШ долларын үнемдеуге мүмкіндік берген, ал қарыз қайтару мерзімі 2 жылға қысқартылған.
"Қазақстан-Қытай" магистральдық газ құбыры іске қосылғалы бері 250 млрд текше метрден астам ортаазиялық газ тасымалданды және 11 млрд доллардан астам қаражат түсті", делінген хабарламада.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
67
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
76
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы