Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Мұнай-газ кешені қызметкерлері күніне орай «ҚазТрансОйл» АҚ-да Қазақстанның магистральдық мұнай тасымалдау жүйесінің сенімді жұмысын қамтамасыз етуге және мұнай құбыры саласын дамытуға елеулі үлес қосқан қызметкерлерді марапаттау рәсімдері өтті.
Салтанатты іс-шаралар компанияның барлық мұнай құбыры басқармаларында, еншілес және бірлесіп бақыланатын ұйымдарында ұйымдастырылды. Жалпы 228 қызметкер түрлі мемлекеттік және салалық марапаттарға ие болды.
Мұнай-газ саласын дамытуға қосқан үлесі және көп жылғы адал еңбегі үшін компания қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің құрмет грамоталары мен алғыс хаттары, «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ және «KAZENERGY» қауымдастығының құрмет грамоталары, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның төсбелгілері мен естелік белгілері, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен «ҚазТрансОйл» АҚ-ның алғыс хаттары табысталды. ️ Марапаттау рәсімі «ҚазТрансОйл» АҚ орталық аппаратында да өтті. Компанияның қызметкерлеріне мемлекеттік, салалық және корпоративтік наградаларды «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы) Арман Касенов табыстады.
Компанияда мамандардың өзара түсіністігі мен жоғары кәсібилігінің арқасында озық халықаралық тәжірибеге сай келетін тұрақты жұмыс жүйесі қалыптасты, - деді Арман Қасенов.
Өз сөзінде Арман Қасенов кәсібилігімен, жоғары жауапкершілігімен және адал еңбегімен компанияның ортақ жетістігі мен дамуына үлес қосып жүрген әріптестеріне алғысын білдірді. Мұнай құбыры қызметкерлерінің өз кәсібіне адалдығы, жинақтаған тәжірибесі, ұрпақтар сабақтастығы және жоғары жауапкершілігі «ҚазТрансОйл» АҚ-ның тұрақты жұмыс істеуінің және отандық мұнай тасымалдау саласын одан әрі дамытудың негізі болып қала береді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
309
28 августа 11:40
В «Богатырь Комир» вручили шесть автомобилей победителям розыгрыша