Главная Новости «ҚазТрансОйл» АҚ мемлекетке 36,5 млрд теңгеден астам қаражат төледі
21 июля 2026, 14:20 66

«ҚазТрансОйл» АҚ мемлекетке 36,5 млрд теңгеден астам қаражат төледі

«ҚазТрансОйл» АҚ мемлекетке 36,5 млрд теңгеден астам қаражат төледі

2026 жылдың I жартыжылдығында «ҚазТрансОйл» АҚ еншілес және бірлескен-бақылаудағы ұйымдарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне 36,5 млрд теңге көлемінде салықтар мен басқа да міндетті төлемдер төледі. Бұл көрсеткіш 2025 жылдың I жартыжылдығымен салыстырғанда 12,2% құрады.

«ҚазТрансОйл» АҚ 2026 жылдың І жартыжылдығында 26,9 млрд теңге салық төледі, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңінен 27,5%-ға жоғары. Республикалық бюджетке төленген салықтардың ішінде ең қомақтысы – 7,7 млрд теңге көлеміндегі корпоративтік табыс салығы және 4,2 млрд теңге көлеміндегі қосылған құн салығы болды.

Жергілікті бюджеттерге аударылған негізгі төлемдер қатарында 6,5 млрд теңге көлеміндегі мүлік салығы, 4,8 млрд теңге көлеміндегі жеке табыс салығы және 3,5 млрд теңге көлеміндегі әлеуметтік салық бар.

Өз қызметінің ашықтығын және салық міндеттемелерінің уақтылы орындалуын орнықты түрде қамтамасыз ете отырып, «ҚазТрансОйл» АҚ экономиканың тұрақты дамуына және елдің әлеуметтік тұрақтылығын арттыруға үлес қосып келеді. 

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: