Главная Новости ҚазТрансОйл Атырау облысында су тасқынына қарсы жұмыстар үшін 34 бірлік арнайы техника ұсынды
09 сәуір 2024, 09:49 282

ҚазТрансОйл Атырау облысында су тасқынына қарсы жұмыстар үшін 34 бірлік арнайы техника ұсынды

ҚазТрансОйл Атырау облысында су тасқынына қарсы жұмыстар үшін 34 бірлік арнайы техника ұсынды

Атырау облысының Құлсары қаласындағы Жайық өзенінде және Жем өзенінде жағалау бекіністерін қалпына келтіру үшін «ҚазТрансОйл» АҚ-ның 34 арнайы техникасы жұмылдырылды: атап айтқанда 13 самосвал, 7 фронтальды тиегіш, 1 жылжымалы отын құюшы, 3 пикап, 1 трал, 1 бульдозер, 4 экскаватор, 1 КАМАЗ (АРМТ), 1 тиегіш, 1 УАЗ, 1 экскаватор-тиегіш.

5-8 сәуірге дейін Жайық өзенінің жағалау бекіністерін қалпына келтіру жұмыстары аясында топырақ әкелу бойынша 535 рейс жүзеге асырылды, 2070 метр жағалау бекінісі қалпына келтірілді. Қазіргі уақытта жұмыс жалғасуда.

Атырау облысында су тасқынына қарсы жұмыстарға «ҚазТрансОйл» АҚ-ның 44 қызметкері қатысуда.  

Су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін «ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына шамамен 80 млн теңге аударды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: