Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«КазТрансОйл» АҚ («КазМунайГаз» ҰК АҚ еншілес компаниясы) Батуми терминалының әлеуетін нығайтуда. «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ-да («ҚазТрансОйл» АҚ-ға 100% үлесі тиесілі) жүк көтеру қуаты 40 тоннаға дейін жететін «Аист» үлгідегі жаңа кран іске қосылды. Бұл жаңарту Батуми теңіз портының құрғақ жүк терминалының өнімділігін айтарлықтай ұлғайтады.
Техникалық инфрақұрылымды жаңарту терминалдың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.
Енді терминал Handysize және Handymax үлгісіндегі ірі тоннажды кемелерге бұдан да тиімді қызмет көрсете алады. Бұл, әсіресе, үймелі жүк санатының үлесі артуына байланысты маңызды болып отыр. 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында терминал арқылы 1 млн 408 мың тонна жүк тасымалданды, бұл былтырғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 51,1 мың тоннаға артық.

Сонымен қатар «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ сұйытылған көмірсутек газдары мен жеңіл мұнай өнімдерінің көлемін ұлғайтуға бағытталған екі ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыруда. Бұл шаралар компанияға нарықтағы өсіп келе жатқан сұранысты өтеуге және порттың бәсекелік позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.
Аталған бастама — Қара теңіз өңіріндегі портты негізгі логистикалық торап ретінде дамытуға және жүк айналымын арттыруға бағытталған ұзақ мерзімді даму стратегиясының бір бөлігі.

10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
66
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
72
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы