Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«ҚазТрансОйл» АҚ Маңғыстау облысындағы «Жетібай» және «Қаражанбас» мұнай айдау станцияларында өндірістік инфрақұрылымды дамыту жобаларын іске асыруды аяқтады. Бұл бастамалар мұнай тасымалдау жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, өнеркәсіптік қауіпсіздікті арттыру және экологиялық тәуекелдерді төмендетуге бағытталған.
«Жетібай» мұнай айдау станциясында қоршаған ортаға әсерді барынша азайта отырып, мұнайды қауіпсіз сақтауға арналған жаңартылған резервуарлар паркі пайдалануға берілді. Жобада экологияны жақсарту үшін техникалық шешімдер қолданылды, соның ішінде понтон орнату іс-шаралары бар.
Резервуарлар паркінің негізгі нысандары:
көлемі 10 мың м³ болатын екі тік болат резервуар;
көбік-сумен өрт сөндіру сорғы станциясы;
әрқайсының көлемі 1000 м³ болатын өртке қарсы су қорының екі темірбетон резервуары;
мұнайды қабылдау мен айдауға арналған технологиялық құбырлар.
Сонымен қатар жоба аясында электрмен жабдықтау, найзағайдан қорғау, жарықтандыру және өрт қауіпсіздігі нысандарын қоса алғанда, инженерлік жүйелер салынды және жаңғыртылды.
«Қаражанбас» мұнай айдау станциясында электрмен жабдықтау жүйесін реконструкциялау аяқталды. Отандық өндіруші жасап шығарған заманауи энергия блогы орнатылды, ол станция жабдықтарын резервтік электр қуатымен қамтамасыз етеді, сондай-ақ найзағайдан қорғау мен энергия үнемдейтін жарықтандырудың жаңа жүйелері енгізілді.
Жобаны іске асыру барысында 42 электр жетегі ауыстырылып, жалпы ұзындығы 152 км болатын жаңа кабель төселді. Бұл жабдықты пайдалану қауіпсіздігін арттырып, технологиялық тәуекелдерді төмендетуге мүмкіндік берді.
134
13 января 16:48
«ПГУ Туркестан» и Karabatan Utility Solutions обменялись опытом
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
134
13 января 16:48
«ПГУ Туркестан» и Karabatan Utility Solutions обменялись опытом