Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«ҚазТрансОйл» АҚ Жетісу облысының Үшарал қаласында әмбебап спорт және жаттығу алаңдарын, демалыс аймағын, сондай-ақ балалар ойын алаңын пайдалануға берді.
Жаңа нысандар компанияның Шығыс операторлық қызметтер басқармасы (ШОҚБ) қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің демалуына, спортпен шұғылдануына және салауатты өмір салтын ұстануына қолайлы жағдай жасайды. Алаңдар басқарманың әкімшілік ғимаратына жақын орналасқан компанияның 42 пәтерлі жатақханасының ауласында салынды.
«Нысан төрт функционалдық аймақтан тұрады. Аумақта барлығы 27 спорттық және ойын жабдығы орнатылған. Оның ішінде футбол, баскетбол және волейбол ойнауға арналған әмбебап спорт алаңы, 10 тренажері бар workout аймағы, күркелер, орындықтар мен шахмат үстелі қойылған демалыс аймағы, сондай-ақ сырғанақтар, әткеншектер мен карусельдер орнатылған балалар ойын алаңы бар.

Жоба аясында жатақхана аумағының 1 772 шаршы метр жері абаттандырылып, 35 ағаш отырғызылды. Сонымен қатар 726 шаршы метр аумаққа көгал төселді.
Жаңа инфрақұрылым қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелеріне жұмыстан тыс уақытта спортпен шұғылданып, белсенді демалуға және балаларымен бірге уақыт өткізуге мүмкіндік береді.
Айта кетейік, «ҚазТрансОйл» АҚ өз нысандарындағы әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымды жүйелі түрде дамытып келеді. 2024–2026 жылдары компания жалпы ауданы 16 131 шаршы метрді құрайтын 23 әлеуметтік нысанды салып, жөндеуден өткізді. Оның ішінде 2025 жылы «Шағыр» мұнай құю пунктінде, №3 мұнай айдау станциясында және «Әлібекмола» бас мұнай айдау станциясында үш әмбебап спорт алаңы салынды.


1095
13 ноября 12:40
ТОО «Богатырь Комир» увеличило реализацию металлолома в пять раз
295
13 ноября 11:38
QADAM PRO - шаг от студента к специалисту