Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«ҚазТрансОйл» АҚ-на ресейлік «Транснефть» ААҚ-ның арнайы делегациясы жұмыс сапарымен келді. Сапардың негізгі мақсаты – кадрларды басқару, персоналды дамыту және корпоративтік коммуникациялар салаларында екі компания арасындағы ынтымақтастықты тереңдету, осы бағыттардағы кәсіби тәжірибемен алмасу болды.
Қонақтарды қарсы алған «ҚазТрансОйл» АҚ әлеуметтік-еңбек қатынастары және жалпы мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Ғазиз Қошанов бұл кездесудің компаниялар арасындағы көпжылдық әріптестік байланыстарды одан әрі тереңдетудегі маңызды қадам екенін атап өтті.
«Транснефть» ААҚ пен «ҚазТрансОйл» АҚ мұнайды сенімді тасымалдау ісіндегі ортақ кәсіби кеңістік пен жауапкершілік түсінігі арқылы бірігеді. Бүгін біз өндірістік өзара іс-қимыл шеңберінен шығып, адам ресурстарын басқару мен корпоративтік коммуникациялар саласында екіжақты ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашудамыз. Бұл – адами капиталды дамытуға, тиімді коммуникациялық ортаны қалыптастыруға және корпоративтік мәдениетті нығайтуға қосқан үлес. Мұның барлығы қазіргі әлемде бизнестің тұрақтылығы мен табыстылығын айқындайтын факторлар, – деді Ғ. Қошанов.
Өз кезегінде «Транснефть» ААҚ вице-президентінің орынбасары Марс Фазлыев «ҚазТрансОйл» АҚ басшылығына және ұжымына жылы қабылдауы үшін алғыс білдіріп, персоналды дамыту мен корпоративтік коммуникациялар сияқты маңызды бағыттардағы ашықтық пен сындарлы диалогтың маңыздылығын айтты.
Мұндай тәсіл тиімді команда құрумен, тұрақты корпоративтік мәдениет пен адамдар арасындағы сенімді қалыптастырумен тікелей байланысты, ал бұл кез келген табысты жобаның негізі болып табылады, – деп атап өтті ол.
Сапар барысында ресейлік делегация «ҚазТрансОйл» АҚ Бас диспетчерлік басқаруына барды. Бұл құрылым ішкі және сыртқы бағыттар бойынша мұнай тасымалдау технологиялық процестерін тәулік бойы үздіксіз үйлестіруді қамтамасыз ететін негізгі буын болып табылады.
Бұдан соң екі компанияның қызметкерлері арасында келіссөздер, таныстырылымдар және тәжірибе алмасу өтті. Персоналды басқару, қызметті ақпараттық сүйемелдеу және ішкі корпоративтік өзара әрекеттестікті дамытудағы ағымдағы тәсілдер туралы баяндамалар ұсынылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар кадрлық әлеуетті дамытуға, компаниялар қызметі туралы ақпарат алмасуға және мұнай тасымалдау саласындағы коммуникацияларды жетілдіруге бағытталған бірлескен жобаларды одан әрі пысықтау туралы уағдаласты.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
59
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
62
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы