Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Батуми мұнай терминалы» ЖШС (100% үлесі «ҚазТрансОйл» АҚ-қа тиесілі) және «Батуми теңіз порты» ЖШС ( «ҚазТрансОйл» АҚ 100% басқаруға айрықша құқықтарға ие) 2022 жылға жүктерді ауыстырып тиеудің жалпы көлемі 7,6 млн тоннаны құрады, бұл 2021 жылы осы мерзімдегі көрсеткіштен 1,3 млн тоннаға көп.
Атап айтқанда, мұнайды, мұнай өнімдерін және газды ауыстырып тиеу көлемі 2021 жылмен салыстырғанда 0,4 млн тоннаға артып, 1,9 млн тоннаны құрады. Қайта тиеу көлемдерінің өсуі Қазақстаннан шыққан қара түсті мұнай өнімдерін ауыстырып тиеудің ұлғаюымен, сондай-ақ «Теңізшевройл» ЖШС-мен мұнай мен сұйытылған көмірсутек газын ауыстырып тиеу бойынша ынтымақтастықты жалғастырумен байланысты.
Құрғақ жүктерді ауыстырып тиеу көлемі 1,7 млн тоннаны құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 0,5 млн тоннаға артық, бұған карбамид пен қант шикізатын ауыстырып тиеудің артуы себеп болды.
Контейнерлік терминал 2022 жылы 119 мың TEU жүктерді өңдеді, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 20 мың TEU-ге артық, өсім COSCO контейнерлік желісін Поти портынан Батуми портына қайта бағыттау және АҚШ көлік нарығының 2022 жылдан бастап ұлғаюына байланысты болды.
«ҚазТрансОйл» АҚ «Батуми мұнай терминалы» ЖШС (БМТ) арқылы Грузиядағы өндірістік активтерге тікелей иелік етеді және басқарады. БМТ мұнайды, мұнай өнімдерін және газды қайта тиеу, айдау, сақтау, сондай-ақ оларды өңдеу өнімдерін өзінің айлақтарын, технологиялық құбырларын және резервуарларын пайдалана отырып қызметтер көрсетеді. БМТ-тың бәсекелестік артықшылығы - мұнай мен мұнай өнімдерінің әртүрлі сорттарын (соның ішінде сұйытылған мұнай газын) сақтау және тиеу мүмкіндігі.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
216
17 апреля 13:02
«Самұрық-Қазына» ҚТЖ-ға негізгі инфрақұрылым жобалары бойынша нақты мерзімдер белгіледі