Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Жұмыс сапары шеңберінде «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары Қанат Көбесов Шымкент ЖТ бөлімшесіндегі ірі жүк станциялардың бірі – Қазығұрттың жұмысымен танысты, деп хабарлайды Sknews.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазығұрт кластан тыс жүк станциясы ерекше орынға ие. Атқарылатын жұмыстардың маңыздылығы мен салмағы бойынша ол өңірдің басты станцияларының қатарына кіреді.
Қазығұрт пойыздарды қабылдауды, жөнелтуді жүзеге асырады және құрамдарды құру және тарату бойынша маневрлік жұмыстарды орындайды. Жүктерді мына бағыттар: Қазығұрт-Шымкент, Қазығұрт-Қызылсай, Қазығұрт-Сайрам-Тоғыс-Ленгір және Қазығұрт-Текесу бойынша тасымалдайды. Станция Шымкент мұнай өңдеу зауытының тасымалдау қажеттілігін қамтамасыз етеді.
Станциядағы жұмыстар тәулік бойы және кәсіби түрде жүргізіледі.
Қанат Көбесов станцияның негізгі өндірістік учаскелерінде: диспетчерлік аппаратта, сұрыптау дөңесінде, техкеңседе, тауар кассаларында болды. Станциялықтардың жұмысымен таныстым, еңбектің ұйымдастырылуын бағаладым және барлық жауапкершілікті түсінетін және нәтижеге жұмыс істеуге дайын теміржолшылардың кәсіби жұмысына көзім жетті. Олардың әрқайсысы күн сайын тасымалдау қауіпсіздігі мен сенімділігіне өз үлесін қосады. Сондай-ақ, станция басшыларының жұмысындағы жүйелілік атап өтілді. Өз кезегінде, Қазығұрт станциясының бастығы Тоқтасын Қалмырзаев теміржол басшылығы тарапынан еңбекті ынталандыру шаралары қабылданып жатқанын, бұл адамдарды жұмысты барынша тиімді орындауға итермелейтінін атап өтті. Осылайша, ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиалдарының қызметкерлері үшін жалақы 10%, осы станция қызметкерлері үшін еңбекақы төлеу торының өзгеруі ескеріле отырып 24% өсті.
Қазығұрт қаржылық және пайдалану көрсеткіштерін орындай отырып, үйлесімді жұмыс істеуде. Өткен жылы станция өз бойымен тәулігіне орташа есеппен 1,1 мыңнан астам вагон өткізді. Орташа алғанда, тәулік сайын станцияда 540 астам вагон тиелсе, түсірілетіні – 80 вагон. Бензин, керосин, мазут, сұйытылған газ, дизель отыны сияқты жүктер көптеген аталымдар қатарында.
Станция 1200 вагонға дейін өңдеу қабілеті бар механикаландырылған сұрыптау дөңесімен жабдықталған. Белгі беру және бұрмаларды электрлі орталықтандырумен жабдықталған. Онда қабылдау-жөнелту паркінің 14 жолы, сұрыптау-жөнелту паркінің 5 жолы, сұрыптау паркінің 8 жолы бар. Қабылдау-жөнелту және сұрыптау-жөнелту жолдарының өткізу қабілеті 79 жұп поезды құрайды. Мұнда вагондарға техникалық қызмет көрсету жүргізілетін вагондарды техникалық тексеру пункті орналасқан.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
63
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
68
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы