Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Осыдан 60 жыл бұрын Жетібай кенорнындағы әйгілі №6 ұңғыдан алғаш мұнай көзін ашуға атсалысқан, өмірі өлке тарихымен тікелей сабақтастықта өрбіген ардагер мұнайшы, қазыналы түбектің қарлығашы Дәри Тоқжанова 80 жасқа толды.
Коронавирустық пандемияның қайта өршуі биыл мерейлі жастарын атап өтетін Компания зейнеткерлері мен мұнайшы ардагерлерін әдеттегідей құттықтауға кедергі болмады. Гүл шоғы мен естелік сыйлығын алдын-ала жолдап, мерейтой иегерін онлайн форматта Бас директордың әлеуметтік-әкімшілік мәселелер жөніндегі орынбасары Жетібай Төлеғожаев құттықтады.

«Құрметті Дәри апа! «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлiк қоғамы басшылығы мен мұнайшылары атынан Сізді Маңғыстау мұнайының 60 жылдығымен тұспа-тұс келген 80 жылдық мерейлі мерекеңізбен шын жүректен құттықтаймыз», – деді Жетібай Төлеғожаев.
Түбек тарихының куәгері Дәри Тоқжанқызының Жетібай жолдарында ерен ерлігі мен еселі еңбегі жатыр. Мерейлі күні мереке төрінен табылған Дәри апамыз басшылық ықыласына тәнті болып, мұнайшы қауымға ризашылығын білдірді. Маңғыстау мұнайының 60 жылдығымен құттықтап, мұнай-газ саласының дамуы жолындағы толассыз еңбектеріне табыс тіледі.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
63
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
64
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы