Главная Новости ҚБМ ардагер оператор құрметті демалысқа шығарып салды
27 тамыз 2022, 08:40 1267

ҚБМ ардагер оператор құрметті демалысқа шығарып салды

ҚБМ ардагер оператор құрметті демалысқа шығарып салды

Қаражанбастың №1 мұнай өндіру цехы ұжымы 6-дәрежелі ардегер оператор Қуантқан Тұрғанбаевты құрметті демалысқа шығарып салды. Әріптестері оған қызмет жолындағы абыройлы еңбегі мен өз міндетін кәсіби шеберлікпен атқарғаны үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ құрмет белгісі ретінде иығына қазақтың ұлттық шапанын жапты.

Қуантқан Тұрғанбаев өмірін өлкенің мұнай өндіру саласына арнап, ел экономикасын өрге сүйреуге үлес қосқан жұмысшы. Еңбек жолын 40 жылға жуық уақыт бұрын №1 МӨЦ-те бастаған. Содан бері кен орнының дамуына куәгер болған ол, ұжымдастарымен бірге талай тоқырау мен құлдырау кезеңдерін де бастан өткергенін айтады. Өз ісін сүйіп, қиындыққа мойымаған Қуантқанның көңілінде қимастық пен қуаныш сезімдері егіз.

«Мұнай өндірісі бұл менің өмір кітабымның алтын тарауы. Қаражанбаста ең жарқын да жалынды шағым өтті. Көрген-түйгенімді жас буынға үйретіп, білгеніммен бөлісуге тырыстым. Енді сүйікті кен орнымызды әрі қарай дамыту, көркейту жас толқынның қолында. Әріптестерімнің көрсеткен құрметіне алғысым шексіз», – деді ардагер.

Қуантқан Тұрғанбаев қызмет еткен жылдары талай рет алғыс хат, құрмет грамоталарымен, медальдармен марапатталған. Ісіне жауапты жұмысшы өмірлік кеңестерімен, адами асыл қасиеттерімен көпке үлгі. Оның ескірмес естелігі біз үшін құнды қазына.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: