Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қаражанбастың қуаты сала ардагерлері қалыптастырған игі дәстүрлер мен еңбек жетістіктеріне тікелей байланысты. Олар өмірінің талай жылын өндіріс алаңында өткізіп, ел игілігі үшін аянбай тер төгіп келеді. Солардың бірі – №1 мұнай өндіру цехының қабырғасы қаланғаннан бастап, қазірге дейін үздіксіз қызмет етіп келе жатқан Меңдіхан Мырзабеков.
Болашағын Бозашы түбегімен байланыстырған Меңдіхан Мырзабеков осыдан 35 жыл бұрын алғаш рет вахта ауысымына келген. Қызметін қатардағы оператор болып бастаған ол, цех жұмысын бүге-шүгесіне дейін білетін бірден-бір азамат. Кәсби білікті маман әр түрлі жылдары шебер, ауысым басшысы сияқты қызметтерді абыроймен атқарды. Ардагер талай ыстық пен суықты, өндірістің қиын кезеңдерін бастан кешкенін жасырмайды. Бүгінде цех басшысының орынбасары қызметіндегі Меңдіхан аға талай жас мұнайшының кеудесіндегі арман алауын жалындатқан талантты тәлімгер.
«Қаражанбасқа қадам басқан жылдары қызметкер аздау, көлік пен арнайы техника жоқтың қасы еді. Жұмыс істеуге толық жағдай жасалмаса да, біз сүйікті кен орнымыздың болашағына сендік. Ал қазіргі жастар үшін барлық мүмкіндік бар. Жыл сайын әлі де жақсара түсетіні сөзсіз. Сондықтан компаниямыздың беделін биіктету үшін әр мұнайшы мамандығына құрметпен қарап, адал еңбек етуі қажет», – деді ардагер.
Алпыстың асқарын бағындырған азамат салаға сіңірген еңбегі үшін талай алғыс алып, медальдармен марапатталған. Ал жас мамандар үшін білікті мұнайшының әр сөзі тағылымға толы, тәжірибесі теңіздей терең. Білгенін бөлісіп, білмегенін үйретуден жалықпайтын Меңдіхан Әбдікерұлы сияқты мамандық майталмандары өндіріс өміріне әлі де қажет. Сондықтан ардагер әріптестеріне жылдар өтсе де, көңіл қартаймауы керектігін үнемі айтып отырады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
133
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»