Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қаражанбасмұнай» АҚ жұмысшылары шағын футболдан облыстық чемпионатта үздіктер қатарынан көрінді.
Үш айға созылған аяқдоп бәсекесіне әртүрлі сала мамандарынан құралған 30-ға жуық команда қатысты. 40+ жас көрсеткіші бойынша сынға түскен ҚБМ ардагерлері тартысты ойынымен көзге түсіп, ІІ орын иеленді.
Жасыл алаңдағы әр матчта командалардың бірлігі мен өзара үндестігі анық байқалды. Өз кезегінде ойыншылар да ұжым абыройын асқақтатуға бар күш-жігерін салды. Нәтижесінде №3 мұнай өндіру цехының операторы Бауыржан Нұрманов «Үздік қақпашы», ал материалдық техникалық жабдықтау базасының (Ақтау) инженері Берік Сыдиқов «Үздік ойыншы» атанды. Тұтастай алғанда ҚБМ командасы ардагерлер лигасының күміс жүлдесіне лайық деп танылды.