Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қаражанбасмұнай» АҚ-ның 45 жастан асқан жұмысшыларынан құралған футбол командасы ҚР кубогының иегері атанды. Елордадағы аяқдоп бәсекесіне еліміздің түкпір-түкпірінен 7 құрама қатысып, чемпион атану үшін бағы мен бабын сарапқа салды.
Үш күнге созылған турнирде ҚБМ ардагерлері алдымен астаналық «Қалқанмен» кездесіп, матч 1:1 есебімен аяқталды. Одан соң біздің жігіттер шығыс қазақстандық «Батырдың» қақпасына 6 гол соқты. Тың тактикаға сүйеніп, шебер ойын көрсеткен қаражанбастықтар астаналық «Ардагер AFL-ді» 4:1, Абай облысының «Алаш» командасын 7:3 есебімен жеңсе, Жаңаөзендік «ОМГ» командасымен өткен ойында 1:1 есебімен тең түсті. «Байұлы» құрамасымен болған соңғы кездесуде де ҚБМ ардагерлері 4:2 есебімен басымдық көрсетті.
Турнир қорытындысы бойынша жалпы есепте 23 гол соғып, 14 ұпай жинаған ҚБМ құрамасы үздік атанып, чемпиондық кубокты қанжығалады. Ерекше ойынымен көзге түскен Бұрғылау және ұңғымаларды жерасты күрделі жөндеу департаментінің бұрғылау инженері Мақсат Изтаев «Үздік сұрмерген» атанды.