Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қаражанбасмұнай» АҚ-да автопаркті жаңарту бағдарламасы сәтті жалғасып келеді. Өндіріс тиімділігін арттыру мақсатында технологиялық көлік департаментінің №1 және №2 гараж жұмысшыларына сужаңа 10 автоцистернаның кілті табысталды.
Жыл басынан бері кен орнына жүктерді сүйреуге, тасымалдауға, жер қазу-көму жұмыстарына, кәріз жүйесіне жиналған суды соруға, мұнай қалдықтарын жинап-тасымалдауға арналған 39 техника келген еді. Енді бұл тізімге 2 ауыз су, сондай-ақ ұңғы бойына және мұнай коллекторларына техникалық су тасымалдауға арналған 8 автоцистерна қосылды.
Автопаркті жаңарту - өндірісті өркендетуге оң ықпал етеді. ҚБМ-да соңғы екі жыл ішінде 210 техника сатып алынды. Бұл бағыт бойынша жұмыстар әлі де жалғасады.